Жылдық қаржы есебінің сыртқы аудиті

Сыртқы аудиторды таңдау

2013 жылдың 10 қыркүйегіндегі «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (№49/13хаттамасы) меншік немесе сенімді басқару құқығындағы «Самұрық-Қазына» АҚ акцияларының елу және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама жататын ұйымдармен және «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен аудиторлық ұйымды таңдау бойынша Тәртіпке сәйкес аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі жүргізіледі.

Бағалау критерийлерінің тізімі

  • Қызметтерді көрсетудің тәсілі;

  • Жобалық команданың құзыреті;

  • Қызметтердің сапасы;

  • Ниеттің маңыздылығы мен беделі;

  • Жұмыс уақыты мен қызметтердің құн;

  • Тәуелсіздік;

  • Қосымша пайда мен қызметте;

  • Ауызша презентация мен ұсыныстар.

Аудиторлық ұйым туралы ақпарат

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ меншік немесе сенім құқығымен иеленетін ұйымдарға аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне сәйкес Бірыңғай комиссия «Транстелеком» АҚ қоса «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін 3 жыл мерзімге «Делойт» ЖШС аудиторлық ұйымын анықтады.

Қазақстандағы «Делойт» Компаниясы «Делойт Туш Томацу Лимитед» құрамына кіретін «Делойт СНГ Холдингс Лимитедтің» бір бөлігі болып табылады. «Делойт» Компаниясының бөлімдері ТМД-ның 9 елінде және де Грузия мен Украинада ашылған, ол жерлерде 3300 қызметкерлер жұмыс істейді. Қазақстанның 4 қаласында бөлімдері ашылған: Алматы, Астана, Атырау және Ақтау. Қазақстандық нарықта

«Делойт» қәсіби қызметтердің толық түрін ұсынады: аудит, салық, заңды және консалтингтік қызметтер, және де корпоративті қаржы саласында кеңес беру.

«Делойт» — экономиканың түрлі саласындағы мемлекеттік және жеке сектордағы компанияларға кәсіби қызметтерді ұсынатын жетекші халықаралық компания. «Делойт» компаниясы әлемнің 150 еліндегі түрлі салаларындағы клиенттерге қызмет көрсету кезінде өз мамандарының үлкен тәжірибесі мен салалық білімін пайдаланады. Жетекші нарықтық сарапшылардың құрамына кіретін кросс-функционалды топтар тендиялар мен соңғы өзгерістерді мұқият қадағалайды және олардың потенциалды ісәрекетіне сарапшылық көзқарасын ұсынады.

Тәуелсіз аудитордың қорытындысы

«Делойт» ЖШС сыртқы аудиторының ойынша, шоғырланған қаржы есебі 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Транстелеком» АҚ қаржы жағдайын барлық аспектілерде және де қаржы есебінің Халықаралық стандарттарына сәйкес 2018 жылға оның қаржы нәтижелері мен ақша құралдарының қозғалысын көрсетеді.