Корпоративтік хатшының 2018 жылғы қызметі туралы есеп
Корпоративтік хатшылар институты Қоғам акционерлері, Директорлар кеңесі және атқарушы орган арасында тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған. Осы өзара әрекеттестік аясында Корпоративтік хатшының қызметі Қоғамның дамуын меншік иелерінің мүдделерін ескере отырып басқарудың тиімділігін арттыруға, Қоғамның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, оның капиталдандырылуына және бизнестің рентабельділігін арттыруға бағытталған. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мен оның
Комитеттерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Корпоративтік хатшы туралы ереже Корпоративтік хатшы туралы ереже Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 17 қарашадағы шешімімен бекітілді (№ 9/16 хаттама). Ережеге сәйкес, Корпоративтік хатшы - бұл Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп беретін Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылмайтын Қоғамның қызметкері.
Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері:
-
Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару саласындағы заңнамасын, листинг ережелерін (биржада бағалы қағаздар айналымы кезінде), Жарғыны, корпоративтік басқару кодексін және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын сақтау, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен тәжірибені жетілдіруді қамтамасыз ету;
-
Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
-
Акционерлердің жалпы жиналысының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес шешім қабылдауын қамтамасыз ету;
-
Қоғам туралы маңызды ақпаратты сақтауды, ашуды және беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттың ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
-
Қоғам органдары мен акционерлердің жалпы жиналысы арасындағы нақты және тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
2018 жылы Компанияның Корпоративтік хатшысы Директорлар кеңесінің 14 отырысын ұйымдастырды және өткізді, оның ішінде 8 жеке және 6 сырттай. Сонымен қатар, мәселелердің басым көпшілігі жеке отырыстарда қаралды (75 - жеке және 19 - сырттай). «Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі аспектілері бойынша барлығы 94 мәселе қаралды. Сондай-ақ, Стратегиялық жоспарлау комитетінің 4 отырысы және Сыйақылар мен тағайындаулар комитетінің 5 отырысы өткізілді.