Атқарушы басқару органдары

Басқарма төрағасы мен мүшелерін тағайындау, олардың міндеттері жауапкершілігі

Басқарма мүшелері мүдделерін қорғауға және «Транстелеком» АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Басқарма туралы ережеге, Қоғамның жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерін тағайындайды және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ олардың сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтайды. Басқарма мүшелерінің саны кемінде бес адам болуы керек.

Қоғам мен Басқарма мүшелері арасында еңбек шарттары жасалды (егер Басқарма мүшесі Қоғамның қызметкері болса, еңбек келісімшартына қосымша келісім), бұл Төраға мен Басқарма мүшелерінің материалдық ынталандыруының Қоғамның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсаттарына тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Басқарма мүшелерінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен, Басқарма туралы ережемен, сондай-ақ еңбек шартымен анықталады. Басқарма мүшелері, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қоғам мен акционерлер алдында Басқарма қабылдаған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуы үшін, сондай-ақ заңнамада белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзу нәтижесінде Қоғамға келтірілген залал үшін жауапкершілікте болады.

Қоғам Басқармасының құрамы (2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Надыров Жанболат Орақұлы Президент (Басқарма төрағасы)
Жексембеков Данияр Тахирұлы Экономика, қамтамасыз ету және коммерция вицепрезиденті, Басқарма мүшесі
Адайбеков Елнар Русланұлы Даму және құқықтық мәселелер вице-президент
Байтуғанов Сәкен Мадиханұлы Коммерция жөніндегі атқарушы директор
Қанапин Айдос Мағауияұлы Құқықтық мәселелер атқарушы директоры, Басқарма мүшесі

Басқарма мүшелерінің қызмет тізімі

Надыров Жанболат Орақұлы

Басқарма төрағасы Президент

1974 жылы 18 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келді.

1998 жылы Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2002 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «Қаржы-экономист» біліктілігімен бітірді

Еңбек жолын Балқаш-Мыс өндірістік бірлестігінде 3-разрядтағы металлист болып бастады

2002 жылының сәуір-тамыз айлары аралығында - басқарма басшысы, «КМТ» ЖШС бас директоры

2002 жылғы наурыздан 2004 жылғы қыркүйекке дейін - «ТПК Азия» ЖШС филиалы директорының орынбасары

2005 жылғы ақпаннан 2006 жылғы наурызға дейін - «AMO» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

2016 жылғы 17 қарашадан бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Қоғамның Президенті болып сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ол қайтадан Компанияның Президенті болып сайланды

2007 жылғы сәуірден 2008 жылғы тамызға дейін - «Нұрбанк» АҚ Корпоративтік бизнес басқармасының басшысы

2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы қыркүйекке дейін - «Нұрбанк» АҚ басқарушы директоры

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы мамырға дейін - «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

2010 жылғы мамырдан 2013 жылғы қазанға дейін - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Өкілдігінің директоры

2013 жылғы 26 қарашада Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ол Басқарма мүшесі - экономика және қауіпсіздік вице-президенті м. а. болып сайланды

2014 жылғы 31 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес бірінші Вице-президенттің м. а. - Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды.

Жексембеков Данияр Тахирұлы

Экономика, қамтамасыз ету және коммерция вице-президенті

1988 жылы 18 тамызда дүниеге келген. London Metropolitan University қаржы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Бухучет-НАП» ЖШСде есепші көмекшісі ретінде бастаған.

2012 жылы «Транстелеком» АҚ экономика және қаржы басқармасының ақша ағындарын жоспарлау және реттеу бөлімінің жетекші маманы болды.

Одан әрі жұмыс тәжірибиесін «ТауКен Самрук» ҰТК» АҚ менеджер болып жалғастырды.

2014 жылы «Транстелеком» АҚ экономика және қаржы басқармасының ақша ағындарын жоспарлау және реттеу бөлімінің бас маманы болды.

2015 жылы «Транстелеком» АҚ Сатып алу бөлімі басшысы болып ауысып, кейіннен Экономика және қаржы атқарушы директордың м.а болды.

2016 жылғы 8 қарашадан бастап Экономика, қамтамасыз ету және коммерция Вице-президентінің м.а. лауазымына тағайындалды.

Біліктілік арттыру курстары: Бухгалтерлік есеп, Көшбасшылық әлеуетті дамыту, менеджерлерге арналған медиативтік құзіреттіліктер, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ тобында сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, Кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, «Операцияларды тиімді басқару» (CIMA P1), TM Forum Инвойс №17184407 от 31.03.2016 ж., «Өзгерістерді басқару: стратегиялық көзқарас».

2016 жылғы 17 қарашадан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғамның Экономика, қамтамасыз ету және коммерция вице-президенті болып сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйке,с экономика және қаржы вице-президенті болды.

2017 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, экономика, қаржы және қамтамасыз ету вице-президенті болып тағайындалды.

Адайбеков Елнар Русланұлы

Даму және құқықтық мәселелер вицепрезиденті

1986 жылы 18 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді. Kings College London, University of London BSc Computer Sciense мамандығы бойынша бітірді.

2008-2009 жылдары Алматы қаласындағы «Нұрбанк» АҚ жобалық менеджер болып жұмыс жасады.

2009-2010 жылдар Алматы қаласындағы «Нұр-Транс» АҚ тәуекел бөлімі басшысы қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары Румыниядағы Rompetrol Gas SRL Bucharest аға тәуекел менеджері болып жұмыс жасады.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Румыниядағы Rompetrol Gas SRL Bucharest бас иректорының орынбасары болды.

2015 жылғы 14 сәуірден бастап Қоғамның Директорлар кеңесі шешіміне сәйкес, Корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер вице-президенті – Қоғам Басқармасының мүшесі.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, даму және құқықтық мәселелер вице-президенті – Қоғам Басқармасының мүшесі болып тағайындалды.

Байтуғанов Сәкен Мадиханұлы

Коммерция жөніндегі атқарушы директор

1974 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ химиятехнологиялық Университетінің «Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады.

1996 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуірі аралығында Қазақстандағы "WrigleyGmbH" өкілдігінде түрлі позицияда жұмыс жасады.

2003 жылдың маусымынан 2008 жылдың наурызы аралығында "GilletteGroup LLC" және "Procter&Gamble" жұмыс жасады.

2008 жылдан 2012 жылдар аралығында бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық менеджер/"GSM Kazakhstan" ЖШС/»Қазақтелеком» АҚ/ "Кселл"АҚ директор қызметтерін атқарды.

2012 жылдың желтоқсан айынан "Корпорация Аю" ЖШС коммерциялық директоры.

2013 жылдың желтоқсанынан "ABConsult". ЖШС Атқарушы директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың 29 сәуірінен Қоғам директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі - коммерция жөніндегі атқарушы директор болып сайланды.

2015 жылғы 14 сәуірден бастап Қоғамның директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі болып қайта сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, телекоммуникациялық қызметтерді сату жөніндегі атқарушы директор болып тағайындалды.

2017 жылғы 12 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, коммерция вице-президенті болды.

Қанапин Айдос Мағауияұлы

Құқықтық мәселелер атқарушы директоры

1976 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұрталды ауылында дүниеге келді. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық және кеден басқармасы қазыналық саясат және болжау департаментінің кеден заңын дайындау бөлімінің жетекші экономисті болды.

2000-2001 жылдары "Гросс Ост Тайм" ЖШС директор м.а болып жасады.

2001 жылғы сәуірден шілдеге дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық және кеден басқармасы қазыналық саясат және болжау департаментінің кеден заңын дайындау бөлімінің бас экономистінің міндетін атқарушы болды.

2001 тамыздан бастап 2003 жылға дейін "Темиртау" ТП жанындағы "Ай. Си.Эс. Инспекшн энд КонтралСервисед Казахстан" ЖШС аймақтық менеджері болып жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары "Гросс Ост Тайм" ЖШС директорының орынбасары болып жасады.

2004 - 2006 жылдар аралығында Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаменті нормативтік қызмет басқармасының басшысы, Заң департаменті құқықтық сараптау басқармасы заң жобаларын құқықтық сараптау бөлімінің бас маманы м.а болып қызметтер атқарды.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау Комитетінің бақылау және жауап беру басқармасының басшысы болды.

2008-2009 жылдары "OlympexAdvisers" ЖШС құқықытық қызмет департаментінің құқықытық мәселелер жөніндегі топтың заңгері болып жұмыс істеді.

2009 жылғы мамырдан қарашаға дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Тауар нарықтарын талдау департаменті директорының орынбасары болып қызметін ауыстырады. (Монополияға қарсы агенттік).

2009 жылғы желтоқсаннан 2010 жылғы шілдеге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары жөніндегі комитетінің «Қ. Сәтпаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары.

2010 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы тамызға дейін «Balkantau» ЖШС директорының орынбасары, бас менеджер қызметінде болған.

2013 қаңтардан 2013 мамырға дейін Қарағанды облыстық Әкімі аппаратының ұйымдастыруинспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы мамырдан 2014 жылғы маусымға дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Заң департаменті директоры болып тағайындалды (Монополияға қарсы агенттік).

2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қаңтарға дейін «Ипотека АФ» АҚ Басқарма басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 маусымынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры м.а.

2015 жылғы 14 тамыздан Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор – Қоғамның Басқарма мүшесі болып таңдалды.

2018 жылғы 14 желтоқсаннан бастап қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директор болып сайланды

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі болып қайта сайланды.