БІЗДІҢ КОМПАНИЯ АКЦИОНЕРЛЕР МЕН ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН
Акционерлік капиталдың құрылымы және құнды қағаздар
Акцияларды шығару және орналастыру туралы нақты тарихи ақпарат «Жарғылық капитал құрылымы» бөлімінде 2017 жылға арналған жылдық есепте көрсетілген.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Жарғылық капитал 12 241 487 (он екі миллиард екі жүз қырық бір миллион төрт жүз сексен жеті мың) теңге мөлшерінде құрылды.
Қазіргі уақытта Қоғамның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 471 089 дана, оның ішінде 5 638 097 дана орналастырылған, 832 992 дана орналастырылған жоқ. Бір акцияның атаулы құны – 1000 теңге. Артықшылықты акциялар берілмейді.
2018 жыл ішінде компанияның жарғылық капиталында өзгерістер болған жоқ және қосымша акциялар орналастырылған жоқ.
| Жарияланған жай акциялар саны | 6 471 089 |
| Орналастырылған акциялар саны | 5 638 097 |
| Орналастырылмағандар саны | 832 992 |
| Бір акцияның атаулы құны | 1000 |
| Акцияларды орналастырудан түскен қаражат мөлшері | 12 241 487 |
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның акционерлері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (51%) және Мұқанов Марлен Савитұлы (49%) болды.