Тізілім ұстаушы

Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін жүргізу бойынша қызметті «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы атқарады.

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – Бірыңғай тіркеуші) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 01.12.2011 жылғы №1 шешімімен құрылған және 2012 жылғы 11 қаңтарда Алматы қ. Әділет департаментінде тіркелді.

Бірыңғай тіркеуші 2014 жылғы 01 қаңтардан бастап өз қызметі бойынша қызметтер көрсете бастады.

Бірыңғай тіркеушінің негізгі мақсаты – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға жататын өзге қызмет түрлерін жүргізу.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап «Транстелеком» АҚ тіркеушісі «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ болды. Алайда, Бірыңғай тіркеуші 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін «Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамаларға және актілерге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 13-тармағының негізінде «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ға қосылу түріндегі қайта құру рәсімін жүргізуге міндетті. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарий Бірыңғай тіркеушінің барлық құқықтары мен міндеттерінің толық мұрагеріне айналды.

Пошталық мекенжай:

Қазақстан Республикасы

050040, Алматы қ., «Самал-1» шағынаудан, 28 үй

www.kacd.kz