Ішкі аудит қызметі
«Транстелеком» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру және жүзеге асыруды Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) қамтамасыз етеді. ІАҚ қызметіне бақылауды Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Қызметтің басшысы мен қызметкерлерін Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды.
Қызметтің миссиясы Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасына Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсету болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты - Қоғамдағы ішкі бақылауды, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған кепілдемелер мен кеңестер беру арқылы Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитетке тәуелсіз және объективті ақпарат беру.
ІАҚ туралы ереже ІАҚ мақсаттарын, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, сонымен қатар біліктілік талаптарын анықтайды. ІАҚ туралы ереже Халықаралық кәсіби стандарттар негізінде әзірленген. ІАҚ туралы ереже «Транстелеком» АҚ-ның нақты бизнес қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді.
Директорлар кеңесінің ІАҚ әкімшілендірген есеп беруі және функционалдық есеп беруі келесі шарттармен жүзеге асады:
-
ІАҚ қызметінің мақсаттарын, міндеттерін қызметтерін және тәртібін регламенттеуші, ішкі аудит саласындағы ережелер мен басқа д саясатын Директорлар кеңесіне бекітуге (Аудит комитетімен алдын ала қарау);
-
Жылдық тәуекел-бағдарланған аудиторлық жоспарларды Директорлар кеңесіне бекіту (Аудит комитетімен алдын ала қарау);
-
Жылдық аудиторлық жоспардың орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есепті және ішкі аудит қызметі туралы басқа ақпараттарды Директорлар кеңесіне ұсыну (Аудит комитеті);
-
Ішкі аудит бөлімшесінің басшысын және қызметкерлерін тағайындау, жұмыстан босату, сыйлық ақы беру туралы шешімдерді Директорлар кеңесіне бекіту (Аудит комитетімен алдын ала қарау);
-
ІАҚ өкілдіктерін елеулі шектеу немесе ішкі аудитті жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін басқа да шектеулерді Директорлар кеңесіне қарастыру (Аудит бойынша комитет).
ІАҚ басшысымен ІАҚ жұмысын реттеуші ішкі құжаттар әзірленді (Ереже, ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша Нұсқаулық және т.б.), аталған құжаттар қарастырылды, Аудит бойынша комитетпен және Директорлар кеңесімен алдын ала мақұлданған.
ІАҚ өз қызметін Қоғамның Директорлар кеңесімен жыл сайын бекітілетін және қажет болу шараларына қарай қайта қаралатын, жылдық тәуекелбағдарланған аудиторлық жоспарлар негізінде жүзеге асырады.
ІАҚ үнемі қызметтің жалпы қабылданған стандарттарына жәнеүздік тәжірибелерге сәйкес, ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды жүргізеді.
2018 жылы ІАҚ нақты саны 3 адамды құрады году.
2018 жылы Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен (№ 10/2017 хаттама) бекітілген жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жоспарлы түрде 10 тексеру жүргізілді. Аудиттің негізгі бағыттары телекоммуникациялық процестерді, ақпараттық технологияларды, ақпараттық қауіпсіздік, коммерциялық, кадрлық және сатып алу процестерін қоса алғанда, Компания қызметінің әртүрлі бағыттарындағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару рәсімдерінің тиімділігін бағалау болды.
Барлығы, ІАҚ жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша 78 ұсыным жасалып, келісілді және аудит объектілері орындауға қабылданды. ІАҚ аудиттер кезінде берілген ұсыныстардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізеді. Аудит және мониторинг нәтижелері туралы ІАҚ есептері тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесіне ұсынылады.