Тәуекелдерді басқару
«Транстелеком» АҚ тәуекелдерді басқарудың Қоғамның корпоративті басқару жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде маңыздылығын біледі, ол Қоғамның құндылығы мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін уақтылы анықтауға және азайтуға бағытталған шаралар қабылдауға бағытталған. Қоғамда тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – ТКБЖ). ТКБЖ – бұл оның аясында Директорлар кеңесі, басқаратын қызметкерлер мен жұмысшылар әрқайсысы өз деңгейінде
Қоғамның қызметіне ықпал ететін нақты оқиғаларды анықтауға қатысатын бірегей процеске біріктірілген өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
ТКБЖ енгізу және жетілдіру Қоғамның стратегиялық және шұғыл мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты және келешектегі маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қоғамда ТКБЖ-ні енгізу қажетті инфрақұрылым мен мәдениетті құруды және дамуды ұйғарады, сонымен қатар шығындарды болдырмау және пайданы максималды түрде арттыру мақсатында компанияның барлық бағыттарына, функциялары мен процестеріне тән сәйкестендіру, талдау және бағалау, мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқарудың қисынды және жүйелі әдістерін қолдануды қамтиды.
ТКБЖ негізгі мақсаты болып, қауіптер мен мүмкіндіктерді басқарудың тиімділігін арттыру табылады, ол капиталын арттыру процесіне оң ықпал етуі тиіс.
Сонымен қатар, ТКБЖ алдына мынадай мақсаттарды қойып отыр:
-
Қоғамдағы тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқарудың бірегей және кезекті тәсілдерін әзірлеу және тәуекелдер туралы ақпаратты вертикаль (басқару) және горизонталь (тәжірибе алмасу) бойынша ақпарат алмасу процедурасын жеңілдету;
-
Қоғам үшін нақты және түсінікті критерийлер негізінде Қоғамдағы тәуекелдерді басқару сапасын жасау және бақылау мүмкіндіктерін қалыптастыру;
-
Активтерді және олардың нарықтық құнын есепке алу жүйесін құруға және акционерлер капиталын бағалауға қажетті ақпарат базасын қалыптастыру;
-
Пайда болған тәуекелді жағдайларға жедел әрекет жасау, сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін бақылау;
-
Тәуекелдерді қолайлы деңгейге дейін төмендету немесе оларды үшінші тұлғаларға беру мақсатында оларды басқарудың мақсатты қызметін ұйымдастыру (сақтандыру, хеджинг);
-
Қоғамдағы тәуекелдер туралы ақпаратты жүйелеу және одан әрі жинақтау, бизнесті басқаруды арттыру;
-
Тиімділікті арттыру және тәуекелдерді басқаруды оңтайландыру жолымен Компанияның капиталдануын арттыру.
Компания жыл сайын немесе қажет болған жағдайда өз мақсаттарына жетудің балама жолдарын белгілейді және мақсаттарға жетуге әсер етуі мүмкін осындай балама немесе оқиғаларға байланысты тәуекелдерді анықтайды. Мұндай талдау тәуекелдерді анықтауға негіз береді.
Тізімдегі барлық тәуекелдер оның орындалу ықтималдылығының деңгейі мен зардаптардың мөлшерімен бағаланады. Сонымен қатар, жыл ішінде Компанияның тәуекелдер жөніндегі менеджерлері қаржылық тәуекелдер туралы, сыни тәуекелдер, өткен тәуекелдер туралы есептерді қосымша дайындады, сондай-ақ Компанияның бизнес-процестерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізді.
Көлденең байланысты қамтамасыз ету және тізілімнің тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Қоғамда Тәуекелдер жөніндегі комитет жұмыс істейді, ол Қоғам Басқармасы үшін тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар әзірлейтін кеңесші орган болып табылады.
Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процесінің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары тәуекелдер туралы тұрақты есеп беру және оларға жауап қайтару шаралары, Қоғамның тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру және қолдау түрінде көрсетіледі.
2018 жылы тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің тиімділігін арттыру аясында келесі негізгі шаралар өткізілді:
-
Тоқсан сайынғы тәуекелдерді басқару бойынша есептер «Транстелеком» АҚ-ның маңызды тәуекелдерінің сипаттамасымен және талдауларымен, сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді азайту бойынша жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы туралы ақпаратпен дайындалды.
-
Қоғамдағы тәуекелдердің біліктілігін арттыру және тәуекелдер мәдениетін дамыту мақсатында 2018 жылы Қоғам мен тәуекелдер иелерінің бағыттары бойынша тәуекелдерді өзін-өзі бағалау, сондай-ақ тәуекелдерді үйлестірушілер үшін тренингтер өткізілді.
Қоғамда ықпал ету саласы мен пайда болу көзі бойынша өткен жылға тәуекелдердің келесідей жіктеуі жасалды:
-
Стратегиялық тәуекел – Қызмет және даму стратегиясын айқындау және іске асыру, саяси ортадағы өзгерістер, аймақтық жағдайлар, саланың құлдырауы және жүйелік сипаттағы басқа сыртқы факторлардың өзгеруінен немесе қателіктерінен (кемшіліктерден) болатын шығындар қаупі;
-
Қаржылық тәуекелдер – Капиталдың құрылымына және қаржылық тұрақтылықтың төмендеуімен байланысты тәуекелдерді қамтиды.Қаржылық тәуекелдер нарықтық тәуекелдерді(пайыздық және валюталық мөлшерлемелер, табиғи ресурстарға бағалардың ауытқуы),өтімділік тәуекелдері, несие тәуекелдерін (корпоративтік контрагенттерге, екінші деңгейлі банктер және басқа елдердегі талаптар бойынша) қамтиды;
-
Операциялық тәуекелдер – Шығындардың пайда болуы, жұмысшалар (персоналды қосқанда) тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы қателіктер немесе кемшіліктер нәтижесіндегі өндірісте орын алатын оқыс оқиғалардың пайда болу қаупі,ақпараттық жүйелер мен технологиялардың (технологиялық тәуекелдер),өндірістік қауіпсіздік және сыртқы оқиғалардың салдарынан пайда болатын тәуекелдер;
-
Құқықтық тәуекел – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент еместерімен қатынастарда - басқа мемлекеттердің заңнамаларын, сондай-ақ ішкі ережелер мен рәсімдерді орындау салдарынан болатын шығындар қаупі.
Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштері мен ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге әсер ете алатын стратегиялық, операциялық және басқа да тәуекелдерді бағалауға және бақылауға аса көңіл аударады.
Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау нәтижесі бойынша Қоғамның жұмысына және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге кері әсер ететін келесідей негізгі тәуекелдер анықталды:
-
Өтімділігін жоғалту тәуекелі.
Қоғамдағы тәуекел факторлары - қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің теңгерімсіздігі, мерзімі өткен дебиторлық берешек.Жыл қорытындылары ағымдағы өтімділік коэффициенті «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының 31.12.2018 жағдай бойынша 15,71 млрд. теңгені дебиторлық берешегіне байланысты 0,8 деңгейінде тұр;
-
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі.
Ақпараттық қауіпсіздік қатері теріс салдары бар АҚ бұзылу мүмкіндігін білдіреді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында кибершабуылдарға байланысты дербес компьютерді жергілікті желіден ажырату және Компания жұмыскерлерінің вирус жұққан дербес компьютерлерінің есептік жазбаларын барлық жүйелерде, атап айтқанда Active Directory, TTCdocs ЭҚЖ, «Green» корпоративті порталда азайту сияқты қауіпті азайту бойынша барлық жұмыс орындарын қайта орнатуға дейін шаралар қабылданды. Сонымен қатар, дискіні форматтау және операциялық жүйені қайта орнату және парольдерді ауыстыру жүзеге асырылды, жұмыс бекеттерінде Windows жүйесіне арналған Kaspersky Endpoint Security 10 антивирустық қорғанысы орнатылды.
-
TELCO кірістерін жоғалту тәуекелі
РКомпания ұсынатын TELCO жобаларынан жоспарланған кірістердің толық түспеуімен байланысты тәуекел. Жыл қорытындылары бойынша TELCO - дан түскен 28, 58 млрд.теңгені құрады, бұл жоспардың 76 % құрайды.
-
Жобаны уақтылы жүзеге асырмау тәуекелі.
Толық емес техникалық сипаттамалары, жобалау, жоспарлау, ақпарат ағындарының тиімсіздігі, қаржыландырудың жеткіліксіздігі және уәкілетті органдардың кешіктіріп мақұлдауы сияқты бірқатар жобалық іс-шаралардың орындалмауымен байланысты тәуекел.