Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметі
Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында «Транстелеком» АҚ-да Басқарманың үш комитеті бар, олар маңызды мәселелерді жан-жақты алдын-ала қарастырып, тиісті ұсыныстар дайындайды:
«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері:
-
Аудит комитеті;
-
Кадрлар және сыйақылар комитеті;
-
Стратегиялық жоспарлау комитеті.
Директорлар кеңесі жанындағы Комитеттер туралы ережеге сәйкес Комитеттердің әрқайсысы жыл сайын Директорлар кеңесіне атқарылған жұмыстары туралы есеп ұсынады.
Директорлар кеңесінің комитеттері қарастырған мәселелер құрылымы



Комитеттердің қызметін бағалау
2018 жылғы 19 сәуірдегі шешімге (№ 3/2018 хаттама) сәйкес, Директорлар кеңесі «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген тәртіпте сауалнамалар жүргізу арқылы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің 2017 жылғы қызметіне баға берді. Бағалау 2017 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өткізілді.
Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысы тиімді деп танылды. Комитеттердің құрамы кәсіби білімі мен дағдылары жағынан теңдестірілген. Қоғамның Даму стратегиясының тиімділік көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылады.
2018 жылы Комитеттер Комитет туралы ережеге сәйкес мақсаттарды, міндеттер мен функционалдық міндеттерді толығымен орындады.
Комитеттер күн тәртібіндегі барлық мәселелерді егжей-тегжейлі қарады, Компанияның Директорлар кеңесі қабылдаған теңгерімді және егжей-тегжейлі ұсыныстар берді.