ТҰРАҚТЫ ДАМУ

«Тұрақты даму - бұл қазіргі заманның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейтін даму». Бұл анықтаманы 1987 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссиясы жасаған және Компания оны өз қызметінде басшылыққа алады.

Қоғамның тұрақты даму саласындағы қызметі көбінесе телекоммуникация саласының ерекшелігімен анықталады. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар компания өмірінің барлық салаларына енген және қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналды. Телекоммуникациялар нарығында заманауи технологияларды қолдану, кәсіби құзіреттіліктің жоғары деңгейімен қатар, компанияға қазақстандықтардың жұмысы мен өмірінің сапасын жүйелі түрде жақсартуға мүмкіндік береді.

Тұрақты даму - «Транстелеком» АҚ бизнес-стратегиясының құрамдас бөлігі. Бұл қағидат инновацияға, жаңа өнімді әзірлеу мен енгізуге деген көзқарасымызды анықтайды. Компанияның Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесі және «Транстелеком» АҚ Басқармасы бірлесіп тұрақты даму саласындағы стратегиялық көшбасшылықты жүзеге асырады, ал біздің мамандар нақты бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асырады.

Кірістерді талдау

Атауы Өлшем бірлігі 2016 2017 2018
Акционерлер
Дивидендтер млн тг 1 263 4 337 1 580
Қызметкерлер
Қызметкерлердің жалпы саны адам 3 427 3 267 3028
Еңбекақы төлеу шығындары млн тг 5 483 6 178 6954
Оқытуға инвестициялар млн тг 130 256 204
Зейнетақы қорының жарнасы млн тг 523 558 674
Еңбекті қорғауды жақсарту шығындары млн тг 86 64 96
Мемлекет
Пайдаға салынатын салық млн тг 1 140 1 680 1447
Қоғам
Мүшелік жарналар, кәсіподақтарға төлемдер, қайырымдылық бағдарламалары млн тг 40 44 53
Қоршаған орта
Экологиялық бағдарламаның шығындары млн тг 1 1 4

«Транстелеком» АҚ 3000-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қоғам қызметкерлері тұрақты өсудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да Компания қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аударады. Компанияның кадр саясаты кадр әлеуетін нығайтуға, тиімді уәждеме жүйесін құруға және персоналдың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған. «Транстелеком» АҚ Компанияның тұрақты даму саласындағы ісәрекеттерін реттейтін құжаттарды, соның ішінде Корпоративтік басқару кодексін, кадрлық саясатты, қоршаған ортаны қорғау кодексін әзірледі, сондай-ақ Компанияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын айқындайтын корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты әзірленуде. Энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізу «Транстелеком» АҚ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

«Транстелеком» АҚ тұрақты даму саласындағы іс-шараларына қолайлы еңбек жағдайларын жасау, жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту кіреді. Компания мүдделі тараптардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әл-ауқатының қағидаларын қатаң ұстанады және мұны болашаққа салынған инвестиция ретінде қарастырады.

Тұрақты дамуды басқару құрылымы

Тұрақты даму қағидаттарын енгізу Адами ресурстарды дамыту бағыты, Ұйымдастырушылық даму бағыты, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытының өзара әрекеттесуінде жүзеге асырылады.

Адами ресурстарды дамыту бағыты (бұдан әрі - АРД) тұрақты даму тұрғысынан әлеуметтік маңызды мәселелерді қамтиды. Олардың ішінде қызметкерлерді дамыту және оқыту, өнімді және жағымды жұмыс ортасын құру, қызметкерлерді қолдау және ынталандыру маңызды мәселелер болып табылады. Тұрақты даму қағидаттарының сәтті іске асырылуын бақылау, сондай-ақ жақсартудың әлеуетті бағыттарын анықтау үшін АРД жыл сайын Компания қызметкерлеріне сауалнамалар жүргізеді.

Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті басқаруды Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметі жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді, бақылауды және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ететін Ұйымдастырушылық даму бағыты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағыты жүзеге асырады. Бұдан басқа, Ұйымдастырушылық даму бағыты Компанияның кәсіпорындарындағы экологиялық мониторинг нәтижелері туралы мәліметтерді жинайды және талдайды және осы жұмыстың нәтижелері бойынша есеп дайындайды, кейіннен Жетілдіру кеңесіне ұсынылады.

«Транстелеком» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметтері бар, тұрақты және мақсатты тексерулер үнемі өткізіліп тұрады.