Есеп туралы

Транстелеком» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания, Қоғам, «Транстелеком» АҚ) оқырмандар назарына Қоғамның 2018 жылға арналған біріктірілген кезекті есебін ұсынады. Бұл есеп қызметтің негізгі көрсеткіштерін, тұтынушылар, инвесторлар мен серіктестер үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ Қоғамның әрі қарай даму перспективаларын көрсетеді. Компания сонымен бірге корпоративті басқарудың жоғары стандарттарына және тұрақты дамуға баса назар аударады.

Қоғам өз қызметінің нәтижелері туралы барлық мүдделі тараптардың үмітіне сәйкес уақтылы және толық ақпарат беруге тырысады. 2015 жылдан бастап «Транстелеком» АҚ өзінің өндірістік қызметінің нәтижелері туралы ғана емес, сонымен бірге тұрақты даму, атап айтқанда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік туралы ақпараттарды көрсететін жылдық есептерді жариялайды.

Біріктірілген есепті пайдалы және қысқаша ету үшін біз қосымша ақпарат көздеріне, соның ішінде Компанияның веб-сайтына сілтемелер енгіздік.

Негізгі ақпарат

Компанияның жылдық есебі Есеп берудің жаһандық бастамасы жөніндегі басшылықтың (GRI) 4 нұсқасына, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған.

Есептің мазмұнын анықтау процесі

Есепті кезең - 2018 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезең. Компанияның көрсеткіштері 2016, 2017, 2018 жылдардағы динамикада көрсетілген.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы ақпарат 2018 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есептілікте көрсетілген, сондай-ақ www.ttc.kz корпоративтік веб-сайтында жарияланған. «Транстелеком» АҚ барлық қаржылық көрсеткіштері ҚЕХС сәйкес аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес теңгемен көрсетілген.

Біріктірілген есеп орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде дайындалған және корпоративтік веб-сайтта көрсетіледі: www.ttc.kz.

Есептің қағаздағы көшірмелері мүдделі тараптардың сұратуы бойынша берілуі мүмкін. Сондай-ақ, ағымдағы жылы есептің web-нұсқасы жасалады.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Қызмет нәтижелерін толық және объективті түрде көрсету мақсатында Қоғам Есепте есепті кезеңіндегі жетістіктер мен қиындықтарды ашып көрсетеді.

Есептің мазмұнын анықтау принциптері:

Есеп Қоғамның басымдықтарына сәйкес көптеген мәселелерді қамтиды, оның ішінде Компанияның ұзақ мерзімді экономикалық өсуі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, адами капиталды дамыту.

Есеп мүдделі тараптар мен көпшілік үшін қол жетімді түрде ақпаратты көрсетеді, күрделі техникалық терминологияны пайдаланудан аулақ болады және жалпы арнайы салалық техникалық, технологиялық және экономикалық білім мен дағдыларды қажет ететін ақпаратты қамтымайды. Есеп материалды көрнекі және қол жетімді түрде ұсыну үшін диаграммалар, кестелер мен графиктерді пайдаланады, пайдаланылған қысқартулардың тізімін береді, тек сенімді ақпарат береді.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Есепте келтірілген болашаққа қатысты мәліметтер болжамды ақпаратқа негізделген. «Ойлайды», «болжайды», «күтеді», «бағалайды», «жоспарлайды» сияқты сөздер мен индикаторлар және соған ұқсас тіркестер бұл жағдайда болашаққа қатысты мәлімдеме туралы айтатынымызды білдіреді. Нақты нәтижелер жоспарланған және мақсатты индикаторлардан, күтілетін нәтижелерден, бағалаулардан және болашаққа қатысты мәлімдемелердегі ниеттерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Есеп беру күніне ғана жарамды. Қоғам болашаққа қатысты мәлімдемелердегі қызметтен күтілетін нәтижелерге нақты қол жеткізілетіндігіне кепілдік бермейді, сондықтан олар мүмкін және әдеттегі сценарий ретінде қарастырылмауы және қабылданбауы керек.

Растау

Біріктірілген жылдық есептерді дайындау Қоғамның ақпараттық ашықтығын арттыруда ғана емес, сонымен қатар ішкі бизнес-процестердің тиімділігін дамытуға да көмектеседі.