КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Қоғамдағы корпоративтік басқару туралы жалпы ақпарат

Компания барлық акционерлерге тең құқықты қамтамасыз етеді және корпоративтік басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отырады.

Директорлар кеңесі және Қоғамның атқарушы органы акционерлердің, инвесторлардың және менеджменттің мүдделері тепе-теңдігін сақтай отырып, компанияның сәтті дамуын қамтамасыз етуге арналған тиімді корпоративтік басқаруды қалыптастырады.

Қоғамда бұзушылықтар туралы ақпаратты жинау және құпия түрде қарау механизмі бар. Сенім телефоны арқылы «Транстелеком» АҚ қызметкерлерінің белгілі сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік фактілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын бұзуы туралы құпия ақпарат беруге мүмкіндік туады.