«Байланыс орталығын» құруға себеп болған «БААО» (Біріңғай анықтамалық-ақпараттық орталық) жобасы болып табылады. «105» біріңғай нөмері арқылы хабарласуға болатын, БААО 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде қызмет көрсетеді.
ЭДТ АБЖ – бұл теміржол көлігі саласындағы электроэнергия және дизель отынын тұтынуды есепке алу, бақылау және талдау бойынша бизнес-процестерді кешенді автоматтандыру және ақпараттық қолдау.
«Магистраль» АБЖ жобасы - темір жол саласындағы жол инфрақұрылымын автоматты басқару жүйесі. Жоба аясында 2013-2015 жылдары ҒЗТКЖ базасында тәжірибелік-өндірістік нұсқа жасалды. Оны сәтті енгізгеннен кейін 2017 жылдан бастап т/ж жолдарының барлық магистральды желісін тираждау жүргізіледі. Іске асырылатын «Магистраль» АБЖ инновациялық жобасы «Астана Бурабай курорты» сынамалық учаскесінде «диагностика және мониторинг» және «Жол шаруашылығын жүргізуді автоматтандыру» бағыттарында үздіксіз жұмыс жасауды қамтамасыз етті.
«ҚазАтомПром» АҚ арналған «Цифрлық кеніш» - бұл жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі өндірістік процестерді автоматтандырудың толық кезеңін қамтамасыз етуге арналған MES (өндірістік процестерді басқару жүйесі) санатты өндірісті қолдау жүйесі.
Кешенді қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі қылмыстар санын азайтуға және адам көп жиналған жердерде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге бағытталған.
«Smart-city - «Smart-city – Ақылды қала» - бұл ыңғайлы әдістермен қалалық қызметтердің және инфрақұрылымның өте маңызды мәселелерін шешетін, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігн дамытуға және арттыруға бағытталған инновациялық жобалар жиынтығы.
«БЗЖҚ» АҚ үшін «Мобильді кеңсе» салымшыларға(алушыларға) бару арқылы қызмет көрсетеді. Жобаның негізгі мақсаты халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына қолдау көрсету, мүгедектерге ақпараттық-консультативтік көмек беру, сондай-ақ БЗЖҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшыларға(алушыларға) тиімді серивстік қызмет көрсету болып табылады.