Командамызға қош келдіңіз!

Өзінің потенциалын жан-жақты жүзеге асыра алатын, өз идеяларын өмірге сенімді енгізе алатын, өзінің дарынын жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер алуға, компанияны және жалпы қоғамды дамытуға және жетілдіруге өзінің қомақты үлесін қосамын деген үміткерлерге есігіміз ашық дейміз! «Транстелеком» АҚ ақпараттық технологиялар, цифрлық және телекоммуникациялық шешімдер саласында өз мансабын жүзеге асырғысы келетіндерге керемет мүмкіндік береді!

Біздің командаға қосылғыңыз келе ме?

Қадам 1

Түйіндеме

Лауазымның атауын көрсете отырып,- cv_hr@ttc.kz Өз түйіндемеңізді электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз - cv_hr@ttc.kz.

Толығырақ
Түйіндемені жіберіңіз
Қадам 2

Таңдау

Резюме таңдау және алдын-ала телефонмен сұхбат жүргізу

Таңдау
Қадам 3

Шақыру

Құзыретті бағалау мен біліктілік білімдерін өтуге шақыру

Шақыру
Қадам 4

Сұхбат

Байқау комиссиясының мүшелерімен сұхбат

Байқау комиссиясының мүшелерімен сұхбат
Сіз командадасыз!
Сіз командадасыз!

Әлеуметтік саясат

Біздің әлеуметтік саясатымыз, компанияның қызметкерлері мен жалпы біз өмір сүріп жатқан қоғамға қатысты әлеуметтік жауапкершілігіміз және беретін кепілдігімізден көрінеді.

Біз өз қызметкерлерімізді бәсекеге қабілетті және әділ еңбекақымен қамтамасыз етеміз және сонымен қатар төмендегідей қосымша әлеуметтік жеңілдіктер және қолдаулар көрсетеміз:

  • ерікті медициналық сақтандыру;
  • өмірдегі әртүрлі жағдайда көрсетілетін материалдық көмек;
  • талпынушылық және қол жеткізген нәтижелер үшін қаржылық ынталандырулар;
  • қызметкерлердің дарынды балаларына гранттар бөлу;
  • салауатты өмір салтын қолдау: жаттығулар, жарыстар өткізу;
  • қызметкерлердің мақтанышы мен ауызбіршілігін қолдау мақсатындағы корпоративтік іс-шаралар;
  • үздіксіз кәсіби дамыту және әлеуметтік көтермелеу.

Қоғамға беретін кепілдігіміз:

  • жастардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал жасау (гранттар, студенттік олимпиадалар және жас мамандарға арналған кәсіби турнирлер);
  • қоршаған ортаға ұқыпты қарау: ағаш отырғызу, сенбіліктер ұйымдастыру, өндіріс қалдықтарын және өңделген жабдықтардың қалдығын пайдаға асыру.