ТТС деректерді сақтау және резервтік көшіру инфрақұрылымына ауқымды аудит жүргізуді аяқтады
Аудит тәуелсіз сарапшылар Руслан Сафин мен Алексей Гульчуктың қатысуымен жүзеге асырылды. Жоба аясында вендор деңгейіндегі 12 диагностикалық пакет талданып, сақтау жүйелері, виртуализация платформалары және резервтік көшіру процестері толық зерттелді.
– Жүйелердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға арналған нақты ұсыныстар әзірленді;
– Инциденттердің түпкі себептері анықталып, толық талдау жүргізілді.
Жоба NetApp компаниясының өкілі Rik Boers-тің техникалық қолдауымен іске асырылды.
Бұл жұмыс нәтижесінде қызметтердің тұрақтылығы, деректер қауіпсіздігі және пайдаланушылар үшін сенімді байланыс деңгейі күшейтіледі.