ТТС «Protector AI» жобасын таныстырды
«Транстелеком» АҚ білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Protector AI цифрлық шешімін ұсынды.
Protector AI - буллингтің алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға арналған жасанды интеллект жүйесі. Шешім бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдап, ықтимал қауіптерді автоматты түрде анықтайды.
Жүйе келесі жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді:
-агрессия, төбелес және буллинг белгілері;
-оқушылардың эмоционалдық жағдайындағы өзгерістер;
-күмәнді әрекеттер мен тәртіп бұзушылықтар;
-шектеулі аймақтарға кіру фактілері.
Анықталған оқиғалар туралы ақпарат жауапты тұлғаларға жедел түрде жеткізіледі (мобильді қосымша, Telegram-бот және жеке кабинет арқылы).
Қазіргі уақытта жоба Қостанай облысындағы білім беру мекемелерінің бірінде пилоттық режимде іске асырылуда. Болашақта шешімді басқа оқу орындарына енгізу жоспарлануда.
Аталған шешім QOSTANAI TECH ғылыми-инновациялық іс-шарасында ұсынылды.