ТТС пен Qazpost Starlink жобасын іске асыруда

ТТС пен Qazpost Starlink жобасын іске асыруда

«Транстелеком» АҚ Qazpost-пен бірлесіп Қазақстанның шалғай елді мекендерін сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған Starlink жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында Qazpost бөлімшелерінде спутниктік интернетті орнату және баптау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда пилоттық кезең бойынша 210 бөлімшені қосу қарастырылған. Жоба кезең-кезеңімен еліміздің 13 өңірінде іске асырылып жатыр.

Starlink технологиясын енгізу шалғай елді мекендердегі бөлімшелердің тұрақты интернетке қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Бұл цифрлық сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба сонымен қатар бөлімшелердегі операциялық процестердің тиімділігін арттыруға, онлайн қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, ТТС Қазақстандағы Starlink-тің ресми өкілі болып табылады.

ТТС и Qazpost реализуют проект Starlink