ТТС компаниясы MWC Shanghai 2025-тегі халықаралық серіктестіктерін нығайтуда

ТТС компаниясы MWC Shanghai 2025-тегі халықаралық серіктестіктерін нығайтуда

ТТС командасы компания атынан әлемдегі ең ірі телеком-іс-шаралардың бірі — Mobile World Congress Shanghai 2025-те сәтті өкілдік етті.

MWC Shanghai — жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыларды жинайтын мобильді және цифрлық жетекші көрме және конференция. 2025 жылғы негізгі тақырыптар: 5G-Advanced, AI Everywhere, Green Tech, Connected Industries және Future Tech.

Іскерлік бағдарлама аясында ТТС командасы жаһандық байланыс және технологиялар нарығының негізгі ойыншыларымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер мен келіссөздер өткізді.

ТТС Қытайдың жетекші операторлары China Telecom Global, China Mobile International и China Unicom-мен серіктестікті кеңейтуді талқылады. Фокуста — қолданыстағы тораптарды жаңарту, тәжірибе алмасу, халықаралық трафикті арттыру және операторлық бизнес саласындағы жаңа бірлескен бастамаларды іске қосу.

Сондай-ақ ТТС мамандары Қытай нарығының өзекті технологиялық шешімдерін, соның ішінде ақылды қалалар, интеллектуалды көлік және робототехника саласындағы әзірлемелерді зерттеді. Бұл бағыттар компанияның назарында және бірлескен пилоттық жобаларды іске қосудың әлеуетті бағыттары ретінде қарастырылады.

— «MWC 2025 көрмесі ТТС үшін жетекші операторлармен стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңызды нүктесі болды. Біз сапалы өзара іс-қимыл жасап, технологиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығамыз», — деп атап өтті Басқарма Төрағасының операторлық бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Мұстафин Сұлтан Мұратұлы.


«Транстелеком» АҚ - корпоративтік, мемлекеттік клиенттерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға байланыс, цифрландыру және АТ-инфрақұрылым қызметтерін ұсынатын Қазақстанның ірі телекоммуникациялық операторларының бірі.