ТТС AI & Digital Bridge 2026 форумында Starlink шешімдерін таныстырады

ТТС AI & Digital Bridge 2026 форумында Starlink шешімдерін таныстырады

«Транстелеком» АҚ 1-3 қазан аралығында Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумына қатысып жатыр.

ТТС стендінде Starlink спутниктік интернетінің мүмкіндіктері және оны түрлі салаларда қолданудың нақты кейстері ұсынылған. Олардың қатарында көлік, білім беру, денсаулық сақтау, пошта инфрақұрылымы, елді мекендер мен автомобиль жолдары бойындағы нысандарды байланыспен қамтамасыз ету жобалары бар.

ТТС Қазақстандағы SpaceX компаниясының ресми реселлері және технологиялық серіктесі болып табылады. Компания корпоративтік және мемлекеттік секторлар үшін, оның ішінде шалғай өңірлерде және дәстүрлі телеком-инфрақұрылымның қамту аймағынан тыс орналасқан нысандарға арналған спутниктік шешімдерді дамытып келеді.

ТТС стендінде ұсынылған жобалардың қатарында:

* Жолаушылар пойыздарындағы спутниктік интернет. Жоба аясында 50 бағыттағы 124 пойыз құрамы мен 1 600-ден астам вагонды интернетке қосу көзделген

* Qazpost-пен бірлескен жоба аясында еліміздің 13 өңіріндегі 210 бөлімшені интернетке қосу

* Ауыл мектептері мен фельдшерлік-акушерлік пункттерге арналған шешімдер

* Қазақстанның әр өңіріндегі елді мекендерді интернетке қосу

* Жанармай құю станциялары мен автомобиль жолдары бойындағы басқа да нысандарда спутниктік интернетті пайдалану

Стендте бизнеске арналған шешімдердің технологиялық мүмкіндіктері де көрсетілген. Олардың қатарында деректерді 500 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен беру, дәстүрлі жерүсті инфрақұрылымын салмай-ақ байланысты жедел ұйымдастыру, сондай-ақ L2/L3 VPN қоса алғанда, корпоративтік желілік шешімдерді қолдау мүмкіндігі бар.

ТТС-дің AI & Digital Bridge 2026 форумына қатысуы компанияның Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы практикалық тәсілін көрсетеді. Спутниктік технологиялар дәстүрлі желілерді салу ұзақ уақытты қажет ететін немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз нысандарды байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ТТС Қазақстанның барлық аумағында бизнес, мемлекеттік ұйымдар және инфрақұрылымдық нысандар үшін байланыс мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда.