ТТС өз жұмысының сапасы, қауіпсіздігі және сенімділігі жоғары деңгейде екенін растады

ТТС өз жұмысының сапасы, қауіпсіздігі және сенімділігі жоғары деңгейде екенін растады

«Транстелеком» АҚ-да (ТТС) тәуелсіз сертификаттау органдары — URS Kazakhstan және Қазақстан Сапа Орталығы жүргізген сыртқы аудит сәтті өтті.

Мамандар компаниядағы барлық процестерді — қызмет сапасынан бастап, деректерді қорғау, қызметкерлердің қауіпсіздігі және экологияға деген қатынасқа дейін — жан-жақты тексерді. Тексеру халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізілді, соның ішінде:

- ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесі»;
- ISO 14001 Қоршаған ортаны басқару жүйесі»;
- ISO/IEC 20000-1 «АТ қызметтерін басқару жүйесі»;
- ISO 45001 «Еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйесі»;
- ISO 50001 «Энергияны басқару жүйесі»;
- ISO/IEC 27001-2015 «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі».


Бұл компания үшін нені білдіреді?

Аудиттен өту — бұл жай формалдылық емес. Бұл ТТС-тің ашық, қауіпсіз және тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді. Нәтижесінде:

  • Тапсырыс берушілер мен серіктестердің сенімі артады
  • Тендерлер мен жобаларға қатысу жеңілдейді
  • Компанияның беделі ішкі және сыртқы нарықта нығаяды
  • Ішкі бизнес-процестер жүйеленеді
  • Үздіксіз даму мен жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашылады

Аудит нәтижелері

ТТС жоғары талаптарға сай екенін сәтті дәлелдеп, алдағы үш жылға келесі екі негізгі сертификатты иеленді:

  • ISO 45001 – қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткені үшін
  • ISO/IEC 27001:2023 – ақпараттық қауіпсіздікті жоғары деңгейде басқарғаны үшін

Компания сертификатталған ұйымдар тізімінде қалды.


Анықтама

 ТТС 2005 жылдан бері осындай аудиттерден өтіп келеді. Жыл сайын компания ISO стандарттарына сәйкестігін тексеру және қайта сертификаттау аудиттері арқылы растайды. Бұл — телекоммуникация саласында тұрақты даму мен көшбасшылықтың маңызды элементтерінің бірі.