«Транстелеком» АҚ ҚР Денсаулық сақтау вице-министріне денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдерін ұсынды
«Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Оспанов Ерболмен нәтижелі кездесу өткізді.
Кездесу барысында компанияның командасы денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өздік цифрлық шешімдерін таныстырды.
Компанияның бастамалары министрлік тарапынан оң бағаланып, олардың практикалық маңыздылығы мен инновациялық тәсілі жоғары деңгейде атап өтілді.
Жақын уақытта Транстелеком жергілікті атқарушы органдарда өз шешімдерін таныстырып, оларды іс жүзінде енгізуді бастауды жоспарлап отыр.
Біз бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен цифрландыруға өз үлесімізді қосатынымызға сенімдіміз, оны барша азаматтар үшін заманауи, тиімді және қолжетімді етеміз.
«Транстелеком» АҚ — Адам игілігі үшін технологиялар!