TTC командасы МЦРИАП ұйымдастырған ТОБЖ дәнекерлеу сайысында екінші орын иеленді

TTC командасы МЦРИАП ұйымдастырған ТОБЖ дәнекерлеу сайысында екінші орын иеленді

Байланыс қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған оптикалық талшық дәнекерлеу бойынша кәсіби шеберлік сайысы өтті.

Сайысқа еліміздің 8 ірі телеком-компаниясының мамандары қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

Біздің командадан қатысқан мамандар:
🔹 Кереев Аман — ТОБЖ өлшеу инженері
🔹 Қалдебек Абай — ТОБЖ беру жүйелері инженері

Теориялық және практикалық дағдыларын жылдар бойы үздіксіз шыңдаудың арқасында екінші орынды иеленді.

Біз өз мамандарымызбен мақтанамыз және компанияны лайықты деңгейде таныстырғандары үшін алғыс білдіреміз!