«Транстелеком» АҚ Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28 мекенжайы бойынша, 3-қабатта орналасқан, ауданы 6,5 м2 болатын буфетті жалға береді.
Жалға алушыға ай сайынғы жалдау ақысына кіретін қолданыстағы жабдықты пайдалану құқығымен беріледі. Нысан мен жабдықтар тек өз мақсатына ғана пайдаланылуы керек. Жалдау мерзімі: шарт жасалған күннен бастап 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Жалға алушы міндетті:
- Нысан мен жабдықты жарамды күйде ұстауға, оның сақталуын қамтамасыз етуге;
- Объектіні және жабдықты Келісімшарт талаптарына және оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитарлық, эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
- Нысанда орналасқан меншікті тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуына, сондай-ақ жалға алынған нысанда орналасқан мүліктің зақымдануы немесе жоғалу қаупіне жауап беру.
Коммерциялық ұсыныстар Астана қаласы, Қонаев даңғылы, 10, «Транстелеком» АҚ мекенжайына жіберіледі. Электрондық поштасы: Org@ttc.kz.