“ТРАНСТЕЛЕКОМ” АҚ “ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙМЕН БІРЛЕСКЕН АТ-ЖОБАСЫН ТОҚТАТТЫ” МАҚАЛАСЫНЫҢ РЕСЕЙЛІК “КОММЕРСАНТЪ” БАСЫЛЫМЫНДА ЖАРИЯЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРУГЕ НИЕТТІ

“ТРАНСТЕЛЕКОМ” АҚ “ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙМЕН БІРЛЕСКЕН АТ-ЖОБАСЫН ТОҚТАТТЫ” МАҚАЛАСЫНЫҢ РЕСЕЙЛІК “КОММЕРСАНТЪ” БАСЫЛЫМЫНДА ЖАРИЯЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРУГЕ НИЕТТІ

“Транстелеком” АҚ “Коммерсантъ” ресейлік басылымында жарияланған “Қазақстан 2,4 млрд рубльді Ресеймен бірлескен АТ-жобасын тоқтатты” деген мақалаға қатысты түсініктеме беруге ниетті. Сондай-ақ, материалда сарапшылар келісімшартты тоқтатудың Қазақстанның ресейлік құрылымдардан “алшақтау” ниетімен байланыстырғаны атап өтілген. Өкінішке орай, бірқатар қазақстандық БАҚ нақты жағдайды бұрмалайтын және “Транстелеком” АҚ беделін түсіретін шынайы емес деректерді қамтитын жаңалықты қайта басып шығарды.

Осыған байланысты, “Транстелеком” АҚ қате түсініктемелерді және қате тұжырымдарды болдырмау үшін, сондай-ақ қоғамға объективті түсініктеме беру мақсатында келесіні хабарлайды:

 

Біріншіден, “Қауіпсіз ақпараттық аймақ” (“Бизон”) ресейлік компаниясымен АТ жобасы тоқтатылған жоқ.

2019 жылы “Транстелеком” АҚ мен “Қауіпсіз ақпараттық аймақ” компаниясы арасында өнеркәсіптік киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Бұл меморандум “Транстелеком” АҚ мен “Қауіпсіз ақпараттық аймақ” компаниясының бірлескен бастамасы бойынша жасалды.

2019 жылы басталған “Қауіпсіз ақпараттық аймақ” компаниясымен ынтымақтастықта жасалған “Транстелеком” жобалары сәтті іске асырылды. Шарттық қатынастардың талаптары құпия ақпарат болып табылады.

 

Екіншіден, байланыс саласында 20 жылдық тәжірибесі бар “Транстелеком” АҚ мен киберқауіпсіздік саласында тәжірибесі бар “Қауіпсіз ақпараттық аймақ” компаниясының өзара сенімді, іскерлік және серіктестік қатынастарды орнатқанын атап өткен жөн. 


Берілген ақпараттың бұрмалануын және деректер мен фактілерді теріс немесе қате түсіндірудің алдын алу үшін “Транстелеком” АҚ-ның жауабын мәнмәтіндегі сөздерден үзбей, толығымен жіберу қажет. Мұндай шараның маңыздылығы жоғары, себебі, жеке БАҚ “Транстелеком” АҚ қатысты осындай мәселелерді тұрақты негізде көтеруде. “Транстелеком” АҚ өз тарапынан оларға жедел жауап беріп, негізгі тармақтарды толық түсіндіретін ресми баспасөз хабарламасын жариялауға тырысады. Бұл ақпаратты объективті түрде және толық жеткізуге мүмкіндік береді.