2025 жылға қарай Қызылорда облысының 50 мың отбасын ТТС сапалы интернетпен және цифрлық телевидениемен қамтамасыз етеді
Бүгінгі таңда «Транстелеком» АҚ қызметтерін Қызылорда облысының «Сол жағалау» шағын ауданындағы 38 көпқабатты үй иелері пайдаланып отыр. Бұл ТТС арқылы интернетке қосылған 500-ден астам адам, сондай-ақ цифрлық телевидение қызметіне қолжеткізген 350-ден астам тұрғын.
2023 жылдан бастап «Gpon технологиясын қолдану арқылы желіні дамыту» жаңа жобасын жүзеге асыру "Сол жағалаудың" екінші шағын ауданында басталады. Жоба 980 шаруашылықты қамтиды.
Анықтама үшін: «Сол жағалау» шағын ауданы – Қызылорда облысында жалғасын тауып жатқан қаланың жаңа бөлігіндегі ауқымды құрылыс нысаны. Бас жоспар бойынша әлеуметтік және тұрғын үй нысандары салынуда, 2025 жылға қарай 50 мың тұрғын жаңа пәтерлердің иесі атанады. Алдын-ала, мәлімет бойынша, жаңа қала 1532 гектар жерге орналасса, оның 367 гектары демалыс аймағына бөлінетін болады.