Больше, чем учебники: студенты Astana IT University будут работать над реальными проектами в Транстелеком

Больше, чем учебники: студенты Astana IT University будут работать над реальными проектами в Транстелеком

Оқулықтардан тыс: Astana IT University студенттері Транстелеком компаниясындағы жобаларымен нақты жұмыс атқаратын болды.

ТТС және Astana IT University жас IT-мамандарын даярлау мен дамытуға бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Келісім бойынша университет студенттері Қазақстанның жетекші цифрлық операторларының бірінде жұмыс тәжірибесін ала отырып, компанияда тәжірибеден өте алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білікті кадрларды даярлауда кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының білікті мамандарды даярлаудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ол өз сөздерінде кәсіпорындар студенттердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасап, оларды нақты тәжірибеге белсенді түрде тартудың маңыздылығын білдірген.

ТТС мен Astana IT University арасында меморандумға қол қою-бұл бастаманы іске асыруға сонымен қатар цифрлық саланың болашақ мамандарын қолдауға қосқан үлесі.


Tолығырақ оқыңыз: informburo.kz