ҚАЗАҚСТАНДА «БҰЛТТЫ» БОЛАДЫ
Біз бұлт платформасына негізделген жаңа бизнесті іске қосамыз!
Public Cloud деп аталатын өнім IT-компанияларға ТТС-дің бұлттық инфрақұрылымының ресурстарын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік береді.
IT компаниялардың есептеу қуатына деген қажеттілігінің артуымен жалға алынған бұлтты инфрақұрылымды пайдалану қажеттілігі де туындады. Бұл үлкен ақпараттық массивтер бұлтында сақтаудың әмбебап және заманауи тәсілі. Бұлттық қызметтерге ауыса отырып, IT-компаниялар өз ақшаларын айтарлықтай үнемдей алады және мүмкіндігінше қысқа мерзімде өнімдерін масштабтай алады.
Нарық қажеттіліктерін ескере отырып, біз Plug and Play жеделдету бағдарламасы аясында стартаптармен өзара әрекеттесуді бастадық. Өткен жылы халықаралық топ бізге жүздеген инновациялық жобаларды таңдады. Қазақстандық аудиторияның қажеттіліктеріне барынша қолайлы шешімді моңғол стартапы – «Fibo Cloud» ұсынды. Бірнеше ай бұрын біз жаңа өнімді – Public Cloud-ты әзірлеу бойынша бірлескен жобаны іске қостық.
Айта кетейік, Public Cloud Қазақстан нарығында бірегей ұсыныс болып табылады және үлкен коммерциялық әлеуетке ие. Серверлер мен сақтау жүйелерінің классикалық виртуализациясынан айырмашылығы, өнім пайдаланушыға өзін-өзі теңшеу мүмкіндігі бар қосымша қызметтердің кең спектрін ұсынады, яғни әр клиент өз бизнесінің талаптарына сәйкес өзінің инфрақұрылымын жинауға мүмкіндік алады. Модульдер бір-бірімен оңай интеграцияланады, бұл тұрақты өнімділікті қамтамасыз етеді.
Басқарма төрағасының стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары Ерлан Минавар атап өткендей, бұл мүмкіндік пайдаланушыға қазіргі уақытта ғана қажет ресурстарды төлеуге мүмкіндік береді.

«Public Cloud – бұл қоғамдық бұлт. Мен оны кез келген қазақстандық пайдаланушыға қолжетімді алғашқы бұлт деп айтар едім. Осы өнімді әзірлей отырып, біз нарыққа терең талдау жасадық: қолданыстағы шешімдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін, әлеуетті пайдаланушылардың қажеттіліктерін, бұлтты технологиялар нарығының трендтерін анықтадық. Бұл талдау біздің өніміміздің негізін құрады. Өздеріңіз білетіндей, «Транстелеком» – Қазақстандағы ең ірі бұлт провайдерлердің бірі, ал Public Cloud - пайдаланушыларға осы ресурстарға оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін «есік» іспеттес, - деп атап өтті ол.
Экономикадан басқа, платформаның артықшылықтары өнімділік, сенімділік және қауіпсіздік болып табылады. Сонымен қатар, пайдаланушыға жаңа жабдықты сатып алу, орналастыру, жұмыс істеу және серверлерді жаңарту мәселелерімен айналысудың қажеті жоқ. Деректер Tier-III халықаралық стандартына сәйкес келетін провайдердің деректер орталықтарында сақталады. Айта кетейік, бүгінгі таңда бізде Қазақстанның 9 өңірінде толыққанды коммерциялық дата-орталықтардың кең желісі бар. Осылайша, біз дата-орталықтардың Алматы мен Астанада орналасқандықтан пайда болған Қазақстандағы өңірлік теңгерімсіздікті жоя алдық.
«Біз өз дағдыларымызды Кремний алқабындағы Plug and Play сарапшыларының тәлімгерлігімен арттырдық. Енді біз бұлтты платформамызды Қазақстанда ұсынуға қуаныштымыз. Біз қолжетімділігі жоғары шешімді ұсынамыз. Ол нарықтың барлық қатысушыларына - стартаптардан бастап ірі кәсіпорындарға дейін - инновацияларды енгізу арқылы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Fibo Cloud негізін қалаушы Пуревбазар Пуревджав.
Public Cloud өнімін пайдалана отырып, пайдаланушылар тек дайын жабдықты ғана емес, сонымен қатар тәулік бойы мониторинг жүргізетін қызметкерлер құрамын алады. Провайдер сонымен қатар инфрақұрылымды сапалы пайдалану үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз етеді – қауіпсіздік және салқындату жүйелері, электрмен жабдықтау, резервтеу, желілер және т.б.
Осылайша, Public Cloud шығындарды айтарлықтай оңтайландырып, қазақстандық IT-компаниялардың мәселелерін шеше алады. Өнімнің қазақстандық нарық үшін жаңа екенін түсіне отырып, біз платформаның мүмкіндіктерімен танысу және зерттеу үшін алдын ала төленген сынақ мерзімі бар ваучерлер ұсынамыз. Ваучерді алу үшін cloud.ttc.kz порталында тіркелу жеткілікті.