TTC Орталық Азияда алғаш болып Starlink негізінде L2 VPN қызметін іске қосты.
Бұл жай ғана спутниктік интернет емес. Біз SpaceX жерүсті инфрақұрылымы деңгейінде толыққанды корпоративтік L2 VPN шешімін іске асырдық. Бұл бизнеске үйреншікті желі логикасын сақтай отырып, географиялық шектеулерсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Артықшылықтар:
-500 Мбит/с дейін жылдамдық
-корпоративтік VPN және ЕШДИ арналары
-қорғалған жеке желі, тіпті ең шалғай аймақтарда да
-бұрын бірнеше ай қажет болған немесе мүмкін болмаған жерлерде жылдам іске қосу
Енді корпоративтік инфрақұрылымды бірнеше күн ішінде кез келген өңірде іске қосуға болады.
TTC цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмысын жалғастырып, Орталық Азияда озық технологияларды енгізуді жалғастыруда.