ТТС жанармай бекеттерінде Starlink пилоттық жобасын іске асыруда
Спутниктік интернет Qazaq Oil және GASENERGY нысандарында сынақтан өтуде
«Транстелеком» АҚ жанармай бекеттерінде Starlink спутниктік интернетін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Пилоттық жоба аясында Qazaq Oil (Ақшатау) және GASENERGY (Балқаш) жанармай бекеттері таңдалды. Жоба екі нысанда жүзеге асырылуда.
Қазіргі кезеңде спутниктік байланыс жанармай бекеттерінің ішкі процестерін қамтамасыз ету үшін қолданылуда.
Пилоттық жоба технологияны нақты жағдайда сынақтан өткізіп, жол бойындағы байланысты жақсарту мүмкіндіктерін бағалауға және кейін ауқымын кеңейтуге бағытталған.
«Транстелеком» АҚ цифрлық инфрақұрылымды дамыту және байланыс сапасын арттыру үшін заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.