ТТС «Future Games 2026» халықаралық турниріне телекоммуникациялық қолдау көрсетті

ТТС «Future Games 2026» халықаралық турниріне телекоммуникациялық қолдау көрсетті

«Транстелеком» АҚ 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтіп жатқан «Future Games 2026» халықаралық мультиспорттық турниріне телекоммуникациялық қолдау көрсетті.

«Future Games» – дәстүрлі спорт пен цифрлық дисциплиналарды біріктіретін халықаралық турнир. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Он екі күн бойы өтетін жарысқа әлемнің түрлі елдерінен келген жүздеген спортшы қатысады.

Турнирді өткізу үшін ТТС жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті ұйымдастырып, қажетті телекоммуникациялық инфрақұрылымды өрістетті. Бұл іс-шара алаңындағы цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ірі халықаралық іс-шараларды сенімді байланыспен қамтамасыз ету ТТС-тің Қазақстанның заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және әлемдік деңгейдегі іс-шараларды қолдауға бағытталған жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.