«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында Starlink спутниктік интернетін кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жалғасуда.
Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 50 бағытты, 124 пойыз құрамын және 1 235 вагонды интернетпен қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінде пойыздардың бір бөлігінде спутниктік интернет іске қосылды. Қалған құрамдарды жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Спутниктік технологияларды пайдалану сапар барысында, соның ішінде дәстүрлі байланыс желілерінің мүмкіндіктері шектеулі бағыт учаскелерінде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жобаның барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін жолаушылар Қазақстан бойынша теміржол бағыттарының едәуір көп бөлігінде интернетті пайдалана алады.
Пойыз құрамдарын қосу жұмыстары жобаны іске асыру кестесіне сәйкес жалғасуда.