ТТС пен QazPost Қызылорда облысында интернетке қолжетімділікті кеңейтуде
Серіктестік ауылдық елді мекендерді байланыспен қамтуға және өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған
«Транстелеком» АҚ мен QazPost Қызылорда облысында серіктестік келісімге қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты ауылдық елді мекендерде телеком қызметтерге қолжетімділікті кеңейту.
Жоба аясында QazPost қызметкерлері өңір тұрғындарына ТТС қызметтеріне қосылуға көмектеседі. Бұл тәсіл интернетті шалғай елді мекендерге жылдамырақ жеткізуге және қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Біз үшін ауыл тұрғындарының да қаладағыдай сапалы байланысқа қол жеткізуі маңызды. QazPost-пен серіктестік қызметтерімізді нақты қажет жерлерге тезірек жеткізуге мүмкіндік береді»,
— Қанат Сырлыбаев, Қызылорда ТТС филиалының басқарушы директоры.
Бұл серіктестік өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және қала мен ауыл арасындағы байланыс қолжетімділігіндегі айырмашылықты азайтуға бағытталған.
Келісім Қызылорда ТТС филиалының басқарушы директоры Қанат Сырлыбаев пен QazPost Қызылорда облыстық филиалының директоры Айзат Ізтелеуова арасында жасалды.