PGL Astana 2025 турнирінде «Транстелеком» техникалық серіктес атанды
«Транстелеком» компаниясы «Қазақтелеком» және «Kcell» компанияларымен бірге Қазақстан астанасында өткен жылдың ең ауқымды киберспорттық шараларының бірі — PGL Astana 2025 турнирінің техникалық серіктесі болды.
PGL Astana 2025 турнирі әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік ойыншылар мен командаларды, сондай-ақ мыңдаған жанкүйерлерді — әрі онлайн, әрі офлайн — бір алаңға жинады.
Техникалық қолдаудан бөлек, операторлар бірлесіп ұйымдастырған интерактив аймақта да белсенді қатысты. Қонақтарға CS2 ойыны бойынша 1v1 мини-турнирге қатысу және қазақстандық Game of Drones ойынының демо-нұсқасын сынап көру ұсынылды.
Біздің PGL-пен серіктестігіміз — компанияның цифрлық бастамаларды қолдау мен Қазақстандағы АКТ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық бағытының дәлелі. Біз киберспортты сүйетін миллиондаған жанкүйерлерді біріктіретін қозғалыстың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.