Транстелеком ҚТЖ-мен бірлесіп теміржол саласындағы инновациялық шешімдерді іздеуге бағытталған бастаманы іске қосты

Транстелеком компаниясы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып, теміржол саласына арналған инновациялық шешімдердің кең ауқымды іріктеуін бастайды. Бұл бастама көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, операциялық тиімділікті арттырып, қауіпсіздікті күшейтетін қолданбалы цифрлық шешімдерді табуға бағытталған.
Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Басым бағыттар:
•Ішкі процестерді цифрландыру
•Қозғалысты жоспарлау және диспетчерлеу
•Қызмет сапасын арттыру
•Қауіпсіздік пен инфрақұрылымды басқару
Жобаға жасанды интеллект (AI), заттардың интернеті (IoT), бұлттық шешімдер, автоматтандыру және робототехника салаларында жұмыс істейтін стартаптар, технологиялық командалар және ғылыми топтар шақырылады. Артықшылық – дайын MVP-і бар және нақты жағдайларға тез бейімделе алатын жобаларға беріледі.
Біз не ұсынамыз?
•Транстелеком мен ҚТЖ инфрақұрылымына қол жеткізу және нақты жағдайда шешімдерді сынау мүмкіндігі
•ҚТЖ нысандарында пилоттық жобаларды іске қосу
•Менторлық және технологиялық қолдау
•Масштабтау мен даму құралдары, соның ішінде инвестициялар
Транстелеком мен ҚТЖ қолданыстағы инфрақұрылымға интеграциялауға болатын және нақты жағдайда сынауға болатын практикалық шешімдерге басымдық береді.
«Біз технологиялық командаларға өз шешімдерін нақты инфрақұрылымда енгізуге мүмкіндік жасап отырмыз. ТТС жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсететін болады», – деді «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Қалай қатысуға болады?
Өтінім беру үшін ventures.ttc.kz платформасында тіркеуден өту жеткілікті.