Astana IT University базасында AI-Day TTC өтті: Aspan.pro туралы айтылды

Astana IT University базасында AI-Day TTC өтті: Aspan.pro туралы айтылды

11 қараша күні Astana IT University қабырғасында «Транстелеком» АҚ ұйымдастырған AI-Day TTC шарасы өтті.

Кездесу студенттерге арналған ашық форматта өтіп, жасанды интеллект, аналитика және бұлтты технологиялардың заманауи бизнестегі рөлі талқыланды.

Шара барысында қатысушылар ТТС экожүйесіндегі Aspan.pro платформасымен танысты. Бұл — жасанды интеллект пен бұлтты технологияларды біріктіретін интеллектуалды шешімдер жиынтығы.

Aspan.pro құрамына бірнеше негізгі өнім кіреді:

* AI-ассистент – клиенттерге тәулік бойы қолдау көрсетеді;

* CVScanAI – кадрларды автоматты түрде іріктеуді жүзеге асырады;

* Knowledge Copilot – корпоративтік құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдетеді;

* AIVOX – кездесулердің жазбаларын талдап, хаттамаларды автоматты түрде жасайды.

AI-Day TTC шарасы студенттерге цифрлық технологиялардың нақты қолданылуын көруге, сұрақтар қоюға және ТТС тәжірибесінен шабыт алуға мүмкіндік берді.

Компания жастармен білім және тәжірибе бөлісуді жалғастырып, Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастыратын жаңа буын мамандарын қолдауда.