«Транстелеком» АҚ-та филиалдар мен орталық аппараттың қатысуымен директорат өтті

«Транстелеком» АҚ-та филиалдар мен орталық аппараттың қатысуымен директорат өтті

«Транстелеком» АҚ-та басқарма төрағасы Әбділдин Сүйеніш, аймақтық филиалдардың басқарушы директорлары мен орталық аппараттан әріптестердің қатысуымен директорат өтті.


Барлық басшылар 2024 жылдың қорытындыларын шығару, басымдықтарды нақтылау және 2025 жылға бағыт белгілеу үшін Астанада бас қосты.


Кездесу аясында филиалдар мен орталық үшін өсу нүктелері айқындалған стратегиялық сессия өтті. Әр өңір өз міндеттерін ашық айтып, мәселелерді көтеріп, компания басшылығымен тікелей диалогта кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болды.


Басты жобалар, қиындықтар мен мүмкіндіктер, жылдың алғашқы кезеңіне арналған жоспарлар, сондай-ақ цифрландыру, клиенттік сервис және ішкі үдерістер бойынша мақсаттар талқыланды.


Назарда – әрекеттердің үйлесімділігі мен міндеттерді ортақ түсіну.


Директорат команда бірлігінің белгісі және үйлесімді ілгерілеуге жасалған маңызды қадам болды.


ТТС елдің тұрақты цифрлық инфрақұрылымын дамытуын жалғастырып, ішкі үйлестіру мен стратегиялық басқаруды күшейтуде.


БАҚ үшін байланыс:

«Транстелеком» АҚ баспасөз қызметі

pr_info@ttc.kz | www.ttc.kz