2025 жылдың 15 ақпанынан бастап клиенттік жабдықты жалға алу тарифтерінің өзгергені туралы хабарлама
Құрметті абоненттер!
Клиенттік жабдықты жалға алу құнындағы өзгерістер туралы хабарлаймыз:
Жаңа және біздің жабдықтарды бұрыннан қолданып жүрген абоненттер үшін TV BOX ай сайынғы жалдау ақысы (1 дана) – 2025 жылдың 15 ақпанынан бастап 500 теңге.
Жаңа және біздің жабдықтарды бұрыннан қолданып жүрген абоненттер үшін GPON және FTTB (Fiber-To-The-Building), vDSL (Very High Bit-Rate Digital Subscriber Line)/Wi-Fi (1 дана) технологияларының модемін жалға алу үшін ай сайынғы төлем 2025 жылдың 15 ақпанынан бастап 500 теңгеге өзгертілді.
ADSL технологиясы бойынша модемін (1 дана) ай сайынғы жалдау ақысы өзгеріссіз қалады (300 теңге).
Сұрақтар туындаған жағдайда «Транстелеком» АҚ байланыс орталығына 191 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.