«Транстелеком» АҚ  Оралда өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында инновацияларын таныстырды

«Транстелеком» АҚ  Оралда өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында инновацияларын таныстырды

Оралда екіжақты әріптестікті дамытуға арналған жыл сайынғы басты шаралардың бірі  – Қазақстан мен Ресейдің ХХІ  өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Биылғы басқосу өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистиканың негізін құрайтын мамандарға бағытталған «Жұмысшы мамандықтар – экономикалық өсімнің қозғаушы күші» тақырыбына арналды.

«Транстелеком» АҚ форумға белсенді қатысып, Streamax  — өзінің инновациялық шешімі, көлік қауіпсіздігі мен цифрлық жүйелер саласындағы заманауи өнімін ұсынды.

Streamax облыс әкімдіктерінің, салалық министрліктер мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Мұндай қызығушылық таныту Транстелекомның цифрлық шешімдерінің өзекті екенін дәлелдейді және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форумға қатысу TTС үшін серіктестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және саладағы көлік қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін цифрлық технологияларды дамытуға күшті серпін берді.

 Транстелеком – өңіраралық ынтымақтастықты нығайтамыз және алға, цифрлық болашаққа ұмтыламыз!