КөкшетауТТС Петропавлда ТТС-ден алғашқы GPON қосылымын іске қосты

КөкшетауТТС Петропавлда ТТС-ден алғашқы GPON қосылымын іске қосты

Park Residence тұрғын үй кешені қаладағы ТТС жаңа буынның талшықты-оптикалық желісін салған алғашқы үй болды. Бұл қосылым Петропавлда телеком-инфрақұрылымды жаңғыртудың басталғанын білдіреді.

КөкшетауТТС Петропавлда ТТС-ден алғашқы GPON қосылымын іске қосты.

«Транстелеком» АҚ Қазақстанның өңірлерінде талшықты-оптикалық инфрақұрылымын кеңейтуді жалғастырып жатыр. Петропавлда КөкшетауТТС командасы, ТТС үшін бұл қаладағы бірінші — алғашқы тұрғын үйді GPON технологиясы бойынша қосты. Бұл өңірлік желіні дамыту мен тұрғындарға цифрлық қызмет көрсету сапасын арттыруда маңызды қадам болды.

GPON – жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді, тұрақты қосылымды және заманауи онлайн-сервистерді ыңғайлы пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық технология. Бұл тұрғындар үшін байланыс сапасының жаңа деңгейіне көшу, ал қала үшін телекоммуникациялық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртудың бастауы болып табылады.

Park Residence тұрғын үй кешені алғашқы болып қосылды.

Park Residence тұрғын үй кешенінде желіні іске қосу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда ТТС-дің талшықты-оптикалық желісі 231 пәтерге дейін жүргізіліп, абоненттерді қосу жұмыстары жоспарға сай орындалып жатыр. Енді тұрғындар өтініштерін беріп, жаңа буын интернетіне қосыла алады.

Желіні дамытудың бірінші кезеңі.

Park Residence тұрғын үй кешенінде  GPON іске қосу -  қамтуды одан әрі кеңейтудің бастамасы болды. Жақын арадағы жоспарымызда - келесі үйлерді қосу және қала бойынша толыққанды талшықты-оптикалық желіні құру бар. Бұл желінің сенімділігін арттырады, өткізу қабілетін жоғарылатады және тұрғындарға заманауи цифрлық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Транстелеком» АҚ өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды, байланыс сапасын нығайтып, цифрлық өсу мен тұрғындардың жайлылығы үшін жағдай жасауды жалғастырады.