Больше, чем учебники: студенты Astana IT University будут работать над реальными проектами в Транстелеком

Оқулықтардан тыс: Astana IT University студенттері Транстелеком компаниясындағы жобаларымен нақты жұмыс атқаратын болды.
ТТС және Astana IT University жас IT-мамандарын даярлау мен дамытуға бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Келісім бойынша университет студенттері Қазақстанның жетекші цифрлық операторларының бірінде жұмыс тәжірибесін ала отырып, компанияда тәжірибеден өте алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білікті кадрларды даярлауда кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының білікті мамандарды даярлаудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ол өз сөздерінде кәсіпорындар студенттердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасап, оларды нақты тәжірибеге белсенді түрде тартудың маңыздылығын білдірген.
ТТС мен Astana IT University арасында меморандумға қол қою-бұл бастаманы іске асыруға сонымен қатар цифрлық саланың болашақ мамандарын қолдауға қосқан үлесі.
Транстелеком – Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникациялық қызметтер, цифрландыру және жүйелік интеграция саласында өз ісін жүргізетін компания. Компания озық технологияларды белсенді енгізіп,елдің IT-инфрақұрылымын дамытуға атсалысуда.
Қазіргі таңда компания түрлі білім беру мекемелерімен 30-ға жуық меморандум әрекет етеді.
Өткен жылы 200-ге жуық студент 18 бағыт бойынша өндірістік тәжірибеден өтті, олардың ішінде бизнес-қосымшаларды басқару, ақпараттық қауіпсіздік, жергілікті және магистральды желі, эксплуатациялық қызмет, ақпараттық технологиялар сияқты салалармен қамтылады. Кейін жақсы нәтижелер көрсеткен студенттерді ТТС компаниясына жұмысқа қабылдады.
Astana IT University мен ынтымақтастық IT-кадрларды даярлауды күшейтуге сонымен бірге алған білімдерін практикада қолдануға дайын студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Бұл келісімді жасау студенттерге нақты жобаларға, заманауи технологияларға бұған қоса тәжірибелі тәлімгерлермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырады.