AI-Day TTC Astana IT University базасында өтеді

AI-Day TTC Astana IT University базасында өтеді

AI-Day TTC Astana IT University базасында өтеді

11 қараша күні сағат 11:00-де Astana IT University коворкингінде «Транстелеком» АҚ AI-Day TTC іс-шарасын өткізеді.

Бұл – жасанды интеллект, деректер және бұлтты технологиялармен жұмыс істейтін мамандармен ашық кездесу. Формат — оқыту + менторлық, яғни нақты тәжірибе, шынайы жауаптар және IT мен телеком саласында мансапты бастауға арналған пайдалы кеңестер.

Спикерлер:

Baurzhan Mukanov, Executive Director, B2Cloud

Тақырып: Бизнес пен мемлекеттің бұлтты шешімдері.

Maksim Kruglov, Head of Cloud Services Development

Тақырып: Бизнеске арналған жасанды интеллект, Aspan.pro.

Ainur Rakhymzhanova, Data Analyst, Ақпараттық қауіпсіздік мамандығының магистрі

Тақырып: «Деректерден шешімге: аналитика бизнестің болашағын қалай қалыптастырады».

AI-Day TTC студенттерге жасанды интеллект пен бұлтты технологиялардың нақты жобаларда қалай қолданылатынын көруге, сондай-ақ цифрлық командалардың бір бөлігі болуға қажетті дағдыларды түсінуге мүмкіндік береді.

📍 Өтетін орны: Astana IT University, коворкинг

🕚 Күні мен уақыты: 11 қараша, 11:00