«Транстелеком» АҚ өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын біріктіре отырып, Тұрақты дамудың 17 мақсатын ұстанады. «Транстелеком» АҚ ТДМ әрқайсысы көрсететін экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді.
«Транстелеком» АҚ-ның Тұрақты даму саласындағы қызметі бизнесті жауапты жүргізу қағидатына және экономикалық өсу, экологиялық және әлеуметтік әл-ауқат үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық әлеуетке негізделеді.
«Транстелеком» АҚ өзі қатысатын жерлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инновациялық технологиялардың, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларының көмегімен өз қызметтерінің сапасын арттыруға, қызметтің ашықтығына, экологиялық мәселелерге теріс әсерді азайтуға зейін қояды.
«Транстелеком» АҚ келесі
қағидаттарды орындауды
өз мойнына алды:
Адам құқықтарын сақтау саласында:
халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарын сақтауды қолдау және құрметтеу, адам құқықтарын бұзуға өзінің қатыспауын қамтамасыз ету.
Еңбек қатынастары саласында:
қауымдастықтар бостандығын қолдау және ұжымдық шарттар жасасу құқығын іс жүзінде тану, мәжбүрлі еңбектің барлық нысандарын жоюды қолдау, балалар еңбегін толық жоюды қолдау, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдау.
қоршаған ортаны қорғау саласында:
қоршаған ортаға теріс әсерлердің алдын алуға ықпал ету, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдау, экологиялық таза технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында:
бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұру.
«Транстелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы қызметі көбінесетелекоммуникация саласының ерекшелігімен анықталады. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар «Транстелеком» АҚ өмірінің барлық салаларына енгізілген және «Транстелеком» АҚ дамуының қозғаушы күшіне айналды. Телекоммуникация нарығында ең заманауи технологияларды кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейімен үйлесімде қолдану мүмкіндігі «Транстелеком» АҚ-ға қазақстандықтардың жұмыс сапасы мен өмірін жүйелі түрде жақсартуға мүмкіндік береді.
Тұрақты даму «Транстелеком» АҚ бизнес-стратегиясының ажырамас элементі болып табылады. Бұл принцип біздің инновацияға, жаңа өнімдерді әзірлеуге және енгізуге деген көзқарасымызды анықтайды.
«Транстелеком» АҚ Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі «Транстелеком» АҚ қызметінің басым бағыттарын және «Транстелеком» АҚ даму стратегияларын айқындайды, «Транстелеком» АҚ жылдық есебін бекітеді.
«Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы мен филиалдарының басқарушы директорлары «Транстелеком» АҚ Даму стратегиясы мен даму жоспарын уақтылы іске асыруды бақылауға, сондай-ақ орнықты даму саласындағы қағидаттарды енгізуге, ақпараттың сенімді ашылуына жауапты болады. Төраға «Транстелеком» АҚ мүдделі тараптарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қоса алғанда, «Транстелеком» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы тиімді қызметін қамтамасыз етеді.

