Персоналды дамыту
2022 жылғы 22 желтоқсанда «Транстелеком» АҚ-ның 2023-2025 жыл кезеңіне арналған жаңа HR стратегиясы бекітілді.
HR стратегиясында келесі стратегиялық бағыттар анықталған:
- Корпоративтік университетті дамыту
- Негізгі қызметкерлерді ұстап қалу
- Құзырет орталықтарын дамыту
Корпоративтік
университетті
дамыту
«TTC GREEn University» корпоративтік университеті (бұдан әрі – КУ) ішкі оқыту жүйесі ретінде «Транстелеком» АҚ-ның миссиясы мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес қызметкерлерді оқыту мен дамытуға бағытталған және басшылардан бастап мамандарға дейінгі барлық деңгейлерді қамтиды.
КУ негізгі басымдықтары: білім мен дағдыларды жинақтау, сақтау және беру үшін оқыту инфрақұрылымын қалыптастыру; жаттықтырушылар институтын дамыту және таланттарды барынша ашу; басқарушылық, кәсіби (hard), «жұмсақ» (soft) дағдылармен оқытудың кешенді жүйесін құру болып айқындалды. Бұл бағыт қашықтықтан оқыту жүйесін дамытуды, ішкі жаттықтырушыларды дамытуды және кешенді бағдарламаларды әзірлеуді қамтиды.
Құзырет
орталықтарын
дамыту
«Транстелеком» АҚ-ның Даму стратегиясына сәйкес, «Транстелеком» АҚ-ның сәтті қозғалысын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі аралас бизнес-модельге көшу болып табылады, онда жобалық бизнес-модель жеке және бизнес-клиенттің жаппай тұтынушысына бағытталған өнім бизнес-моделімен толықтырылады.
Осыған байланысты мынадай саладағы құзырет орталықтарын дамыту қажет: өнімдерді әзірлеу, деректерді өңдеу орталықтары, сәулет.
HR-стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
- «Транстелеком» АҚ-ның адами капиталының сапасын дамытатын және арттыратын HR-стратегиясының стратегиялық бағытталған моделін құру.
- Қызметкерлер үшін білімнің, дағдылар мен құзыреттердің катализаторы ретінде дамыған оқыту инфрақұрылымы және жаттықтырушылар қауымдастығы бар корпоративтік университет.
- Бизнестің қорытынды нәтижелеріне әсер ететін жиынтық сыйақының қалыптасқан жүйесі.
- Басым бағыттар саласындағы дамыған құзыреттілік орталықтары: өнімдерді әзірлеу, деректерді өңдеу орталықтары, сәулет.
Негізгі
қызметкерлерді
ұстап қалу
Негізгі қызметкерлерді ұстап қалу стратегиясы еңбекті ұйымдастырудағы мерзімді қиындықтарға және болашақта басқа жұмыстың ықтимал тиімді ұсыныстарына қарамастан, қызметкерлерді штатта одан әрі жұмыс істеуге қызықтыруға бағытталған. «Транстелеком» АҚ табысы үшін қызметкердің оң көзқарасы мен уәждемесін сақтау өте маңызды. Қызметкерлерді ұстап қалу бағдарламасын жүзеге асыру жұмысшыларды жұмыспен қамтудың және өнімділікті арттыру үшін теңдестірілген еңбек режимін қамтамасыз етудің тиімді әдісі болып табылады. Негізгі қызметкерлерді ұстап қалу стратегиясын іске асыру шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі: ауыспалы сыйақы жүйесін әзірлеу, қызметкерлердің адалдығы бағдарламаларын әзірлеу, таланттар пулын дамыту.
