514 281мың теңге Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері
«Транстелеком» АҚ Қазақстан¬дағы төтенше жағдай кезін¬де ел тұрғындарын қолдауға бағытталған, абоненттерде бар берешек жағдайында да бай¬ланыс қызметтерін ұсына оты¬рып, бірқатар шаралар әзірледі.
Қаңтар
«Транстелеком» АҚ Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде ел тұрғындарын қолдауға бағытталған, абоненттерде бар берешек жағдайында да байланыс қызметтерін ұсына отырып, бірқатар шаралар әзірледі.
Ақпан
«Транстелеком» АҚ серіктес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтіп, 20 оқу орнымен меморандумдарға қол қойды, олардың арасында С.Демирел атындағы Университет, Astana IT University, «Тұран-Астана», Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті бар.
«Транстелеком» АҚ Plug and Play және Astana Hub қазақстандық стартаптардан өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. 5G жобалары мен бұлтты шешімдерге, киберқауіпсіздікке, блокчейн технологияларына, Web3, жасанды интеллектке және бизнес-процестерді автоматтандыруға басымдық берілді.
«Транстелеком» АҚ және Astana it University Қазақстанда ұялы байланыс желілерінің ашық стандарттарын әзірлеу бойынша зертхана ашуға келісті. Тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Наурыз
«Транстелеком» АҚ Жһжобалау тобының қызметкерлері Uptime Institute Tier Standart стандартына сәйкес деректерді өңдеу орталықтарының операциялары бойынша аккредиттелген бағдарлама бойынша халықаралық сертификат алды.
«Транстелеком» АҚ жаңа TTC TV қолданбасын іске қосты. Абоненттер сүйікті хабарларын кез келген уақытта, кез келген жерде көруге мүмкіндік алды.
Сәуір
«Транстелеком» АҚ-ның Қызылорда қаласындағы филиалы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дуальды оқыту бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға кірісті;
Алматыда өткен Profit Cloud Day конференциясына қатысу. Іс-шара бұлтты технологияларға, деректерді өңдеу орталықтарына және Қазақстандағы үлкен деректерге арналды.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу. Мақсаты – білім беру қызметі мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын дамыту.
Дубайдағы Capacity Middle East 2022 халықаралық конференциясына қатысу;
Мұнай-газ саласы үшін цифрлық шешімдер ұсынылған «Атырау мұнай және газ» көрмесіне қатысу;
Plug and Play акселерациялық бағдарламасына стартаптарды жинауды аяқтау.
Мамыр
Қызметкерлердің жалақысын қайта қарау. 3000 қызметкердің лауазымдық жалақысы көтерілді. Негізгі назар жұмысшы мамандықтарына аударылды;
Ақмола облысы Көктерек ауылына интернет жүргізу бойынша жұмыстарды бастау;
«Транстелеком» АҚ Ақтөбедегі филиалы Kcell компаниясымен бірлесіп, бұрын интернет болмаған Ақтөбе облысының Бозой ауылына ТОБЖ салуды жүзеге асырды;
Қырғызстандағы Еуразиялық экономикалық форумға қатысу.
Маусым
«Көкшетау» ұлттық паркінің Зеренді көліне және «Алтын Емел» ұлттық паркінің бақылау-өткізу пунктіне келушілер үшін интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Қарағандыда «Сбербанк» АҚ ЕБ апатқа төзімді АТ-инфрақұрылымын құру жобасы шеңберінде деректерді өңдеудің резервтік орталығының салтанатты ашылуы мен таныстырылымы өтті;
«Транстелеком» АҚ Design Documents жобалық сараптамасының толық циклынан сәтті өтті және Tier III Design Documents сертификатын алды. Ол деректер орталығының инфрақұрылымы халықаралық талаптарға толық сәйкес келетіндігін растайды.
Новороссийск қаласынан келген «Каспий Құбыр Консорциумы-Р» АҚ өкілдерімен кездесу. «Транстелеком» АҚ қызметтерінің тұсаукесері өткізілді, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары талқыланды;
Astana Finance Days 2022 халықаралық конференциясына қатысу.
Шілде
Астанадағы балабақшаға техникалық қолдау;
Plug and Play Kazakhstan-мен бірлесіп өткізілген акселерациялық бағдарламаның қорытындылары.
Тамыз
2022 жылғы «Тобыл СКЖҚ» инвестициялық жобасы аясында Қостанай облысындағы Тобыл кентінің бірінші абоненті қосылды;
Eagle жобалық менеджерлерінің корпоративтік клубын іске қосу.
Қыркүйек
Қызметкерлердің Қостанай облысының аумағында өртті сөндіруге қатысуы;
KazHackStan-ға – Орталық Азиядағы кибер-қауіпсіздік бойынша ауқымды практикалық конференцияға қатысу;
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сел мен су тасқыны мониторингінің ақылды жүйесі жобасының тұсаукесері. Жоба таңдалған учаскедегі әртүрлі су айдындарының (өзендер, көлдер, теңіздер) су айнасының деңгейін қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді;
Татарстандағы Kazan digital week 2022 халықаралық форумына қатысу. «Транстелеком» АҚ жобалау және құрылыс, киберқауіпсіздік, бұлтты және IT-шешімдер саласындағы өзінің бірқатар қызметтері мен перспективалық жобаларын ұсынды.
Қазан
ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну.
Data Center & Cloud Kazakhstan конференциясында бұлтты сервистердің таныстырылымы;
Алматыда өткен VIII Еуразиялық монополияға қарсы форумға қатысу. Алаңда жаңа ойыншылардың ұялы байланыс нарығына кіруі, сондай-ақ телекоммуникацияның аралас тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту мәселелері көтерілді;
Республика күнін мерекелеу қарсаңында байланыс саласында үлкен еңбегі бар «Транстелеком» АҚ-ның 27 қызметкері ЦДИАӨМ-нің жоғары наградаларына ие болды.
Қараша
«Транстелеком» АҚ 23 жасқа толды;
Қызылорда мектептерінде күзет дабылы мен бейнебақылау жүйесін орнату.
Желтоқсан
«Транстелеком» АҚ 2025 жылға қарай Қызылорда облысында 50 мың отбасын интернетпен және цифрлық теледидармен қамтамасыз ету ниеті туралы хабарлады;
Жаңа жыл қарсаңында «Транстелеком» АҚ қызметкерлері мүгедек балалар Қоғамымен бірлесіп сәбилерге сыйлықтар сыйлады.