Тәуекелдер
 

30 803 820 мың теңге
Дебиторлық берешек
14 %
Дебиторлық берешектің үлесі
44,68 %
қысқа мерзімді дебиторлық
берешектің үлесі
«Транстелеком» АҚ Design Documents жобалық сараптамасының толық циклынан сәтті өтті және Tier III Design Documents сертификатын алды. Ол деректер орталығының инфрақұрылымы халықаралық талаптарға толық сәйкес келетіндігін растайды.

Тәуекелдерді басқару

Тәуекелдерді басқару «Транстелеком» АҚ Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару және қаржылық тұрақтылықты қолдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Транстелеком» АҚ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) бизнесті жүргізудің және компанияны басқарудың негізгі процестеріне интеграциялады және ТБКЖ саясатының әрекеті «Транстелеком» АҚ қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.

ТБКЖ тиімді жұмыс істеуі мақсатында «Транстелеком» АҚ өз қызметінің барлық деңгейлерінде бизнестің өмірлік цикліне сәйкес келетін мынадай өзара байланысты компоненттерді басшылыққа алады:

  1. басқару және мәдениет;
  2. стратегия және мақсат қою;
  3. қызметтің тиімділігі;
  4. өзгерістерді мониторингілеу және енгізу;
  5. ақпарат, коммуникация және есептілік.

ТБКЖ компоненттері мен принциптері:


Компонент Қағидаттар
Бақылау ортасы
  • Ұйымдық құрылымы
  • Адалдық және этикалық нормалар
  • Көшбасшылық философиясы мен стилі
  • Кадр саясаты
  • Қызметкерлердің құзыреттілігі «басқару және мәдениет» компонентімен қиылысады
Тәуекелдерді бағалау
  • Тәуекелдерді сәйкестендіру және талдау («қызмет тиімділігі» компонентімен тығыз байланысты)
Бақылау рәсімдері
  • Рәсімдер мен саясаттар (тәуекелдерді басқарудың бір бөлігі болып табылады)
Ақпарат және коммуникациялар
  • Ішкі бақылау саласындағы ішкі және сыртқы коммуникациялар
Мониторинг
  • Мониторинг, есептілік және өзгерістерді енгізу
  • «Ақпарат, коммуникация және есептілік» компонентімен тығыз қиылысады

ТБКЖ енгізу және жетілдіру «Транстелеком» АҚ-ның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуінің қажетті шарты болып табылады, сондай-ақ қажетті инфрақұрылым мен мәдениетті орнатуды және дамытуды тұспалдайды, шығындарды болдырмау және пайданы барынша көбейту мақсатында «Транстелеком» АҚ-ның қызметінің барлық бағыттарына, функцияларына немесе процестеріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау, мониторингілеу, бақылау және басқарудың логикалық және жүйелі әдістерін қолдануды қамтиды.

ТБКЖ мақсаттары


ТБКЖ негізгі мақсаты капиталдандыруды ұлғайту процесіне ықпал етуі тиіс қауіптер мен мүмкіндіктерді басқару тиімділігін арттыру болып табылады. ТБКЖ өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

  1. тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және басқаруға бірыңғай және дәйекті тәсілдерді әзірлеу және қолдану, тігінен (басқару) және көлденеңінен (тәжірибе алмасу) тәуекелдер туралы ақпарат алмасу рәсімдерін оңайлату;
  2. «Транстелеком» АҚ үшін нақты және түсінікті критерийлер негізінде тәуекелдерді басқару сапасын белгілеу және қадағалау мүмкіндігін қалыптастыру;
  3. активтерді, олардың нарықтық құнын есепке алу жүйесін құру және акционерлік капиталды бағалау үшін ақпараттық базаны қалыптастыру;
  4. туындайтын тәуекел оқиғаларына жедел ден қою, сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін қадағалау;
  5. тәуекелдерді қолайлы деңгейге дейін төмендету не үшінші тараптарға беру мақсатында оларды басқару жөніндегі мақсатты қызметті ұйымдастыру (сақтандыру, хеджирлеу);
  6. «Транстелеком» АҚ-ның тәуекелдері туралы ақпаратты жүйелеу және одан әрі жинақтау, бизнестің басқарылуын арттыру;
  7. нәтижесінде – тиімділікті арттыру және тәуекелдерді басқаруды оңтайландыру арқылы «Транстелеком» АҚ-ның капиталдануын арттыру.

ТБКЖ қағидаттары


«Транстелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімділігін қадағалауды жүзеге асырады. «Транстелеком» АҚ-ның аудит жөніндегі комитеті «Транстелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесіне ТБКЖ және ішкі бақылаудың сенімділігі мен тиімділігін бақылау мәселелері бойынша көмек көрсетеді.

«Транстелеком» АҚ Басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін құруды және қолдауды қамтамасыз етеді.

Деңгейлес коммуникацияны қамтамасыз ету және тәуекелдер тізілімін тиімді енгізу үшін Тәуекелдер жөніндегі комитет жұмыс істейді, ол «Транстелеком» АҚ Басқармасы жанындағы тәуекелдерді басқару бөлігінде ұсыныстар әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. «Транстелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесі мен Басқармасы өз функцияларын орындау кезінде «Қорғаудың үш желісі» моделіне сүйенеді:

ТБКЖ тәсілдері


Тәуекелдерді тиімді басқару келесі бес қадамнан тұратын үздіксіз және циклдік процесті қажет етеді:

«Транстелеком» АҚ
негізгі тәуекелдері

  • Өтімділік тапшылығының тәуекелі
  • Уақытша бос ақша қаражаты бөлігінде валюталық тәуекел
  • Өндірістік жарақаттанушылық
  • Мерзімі өткен (3 айдан астам) дебиторлық берешектің ұлғаю қаупі