Компания
туралы ақпарат

6 471 089 дана
Жарияланған жай акциялардың
саны
1 000 теңге
Бір акцияның номиналды
құны
12 241 487 000 теңге
Акцияларды орналастырудан тартылған
ақшалай қаражат сомасы
«Транстелеком» АҚ серіктес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтіп, 20 оқу орнымен меморандумдарға қол қойды, олардың арасында С. Демирел атындағы Университет, Astana IT University, «Тұран-Астана», Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті бар.

Даму тарихы

1998

  • «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Сигнализация және байланыс шаруашылығын басқару жүйесін оңтайландыру туралы» бұйрығының негізінде «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

1999

  • ҚР Үкіметінің «Қазақстан темiр жолы» РМК-ны қайта ұйымдастыру және оның құрамынан мемлекеттің 100% қатысуымен «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамын бөлу жөніндегі шаралар туралы» қаулысы шығарылды.
  • «Транстелеком» ААҚ бастапқы мемлекеттік тіркеу күні.

2003

  • Автоматтандырылған биллинг жүйесін және техникалық есепке алу жүйесін енгізу.
  • Спутниктік байланыс желісі құрылды.
  • Деректерді беру желісінің тораптарын орнату және енгізу, сондай-ақ клиенттерге интернет желісіне қолжетімділікті қоса алғанда, жаңа қызметтердің кең ауқымын ұсыну басталды.
  • Алматы станциясында цифрлық автоматты телефон станциясын енгізу.
  • Байланыс операторы ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамын желіге қосуға орталықтандырылған шартқа қол қойылды.

2004

  • «Транстелеком» ААҚ атауы «Транстелеком» АҚ деп өзгертілді.
  • 30-дан астам жаңа цифрлық АТС орнатылды.

2005

  • Ұзындығы 1 340 километр болатын Алматы – Астана учаскесінде ТОБЖ құрылысы аяқталды.
  • Байланыс желілерін басқару орталығын ашу және ТОБЖ мониторингі мен әкімшілендірудің бірыңғай жүйесін іске қосу.
  • ИСО 9001-2000 Халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сәйкестік сертификаты берілді.

2006

  • «Транстелеком» АҚ Германияның Ганновер қаласында өткен CEBIT халықаралық телекоммуникациялық көрмесіне қатысты.
  • «Транстелеком» АҚ Халықаралық Қордың «Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін» алтын медалімен марапатталды.
  • Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған 2 АПСК 120/120 және АТ-ПС-ПД 72/64 телеграф станциялары бірінші цифрлық – «Вектор-2000» телеграф коммутациялық серверіне» ауыстырылды.

2007

  • «ПОТОК» автоматтандырылған есептеу жүйесі енгізілді.

2008

  • АТ-ПС-ПД жұмыс істеп тұрған 6 телеграф станциясын бір «Вектор-2000» цифрлық Телеграф коммутациялық серверіне ауыстыра отырып, Астана (2 дана), Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Екібастұз қалалары бойынша телеграф станцияларын жаңғырту басталды.
  • Бастапқы магистральдық желі және ТОБЖ учаскелерінің қызметін үйлестіру үшін «Бастапқы магистральдық желі» орталығы құрылды.
  • «Транстелеком» АҚ тарихында алғаш рет «Orange» үшін сыйымдылығы 45 Мбит Астана – Лондон арнасы ұйымдастырылып, пайдалануға берілді.
  • Алматы – Астана учаскесінде ҚТЖ-ның жедел-технологиялық байланысының SDH желісі салынды (жабдық конфигурациясы, бағдарламалық жасақтама және тестілеу жүргізілді).
  • Алматы, Шу, Көкшетау, Қарағанды, Астана қалаларында магистральдық желінің аумақтық учаскелері құрылды.
  • «Транстелеком» АҚ-ның ресурстарын ұтымды пайдалану үшін, сондай-ақ Қазақстаннан тыс клиенттерге сервис ұсыну бойынша жедел жұмыс үшін сыйымдылығы STM1 болатын Мәскеу қаласында М9 виртуалды РОР торабы ұйымдастырылды.
  • Астана – Петропавл – Атырау STM1 деңгейіндегі арнаны тестілеу аяқталды, бұл Атырау филиалының телефония желілерін Алматы, Қарағанды, Астана, Көкшетау қалаларының филиалдарымен біріктіруге, сондай-ақ Атырау қаласындағы клиенттер үшін арналарды жалға беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.
  • «British Telecom» компаниясы үшін екі VC3 Гонконг – Алматы – Мәскеу тестілеуі өткізілді. Қазақстанның басқа қалаларында «Транстелеком» АҚ-ның көлік желісі бойынша «British Telecom» жобалары іске асырылуда.

2009

  • Alcatel-Lucent компаниясымен ірі магистральдық көлік желісін жеткізу және монтаждау туралы шартқа қол қойылды. Жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырды.
  • Бір жыл бұрын пайдалануға берілген 128 спутниктік байланыс жүйесі «РҒБО» АҚ-да электромагниттік үйлесімділіктен өтті және кейіннен радиожиілік спектріне рұқсат ала отырып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде тіркелді.

2010

  • Астана – Алматы – Астана қатынасындағы «Тұлпар-1» және «Тұлпар-2» фирмалық пойыздары үшін деректерді беру қызметтерін коммерциялық пайдалануға енгізу жүргізілді («Транстелеком» АҚ-ның 01.06.2010 ж. № 174-П бұйрығы).
  • Алматы е/м-дегі Ортақ Пайдаланылатын Телекоммуникациялар Желісіне транзиттік телефон трафигін ұйымдастыру және трафикті халықаралық бағыттар бойынша және ұялы операторлар желісі бойынша өткізу үшін «KazTransNet» ЖШС және «Space.KZ» ЖШС оператор желісін «Транстелеком» АҚ желісіне қосу.
  • Мемлекеттік комиссияның қаулысымен ОП-39 HUB орталық басқару станциясы пайдалануға қабылданды.
  • Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ-ның басқару станциясына «Жоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысы» деректер мен дауысты берудің жерүсті спутниктік желісін (ОП-39) ауыстыру жүргізілді.
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шешімі негізінде БКБ ұйымдастыру үшін № 3 медициналық пойызда деректер мен дауыстарды берудің спутниктік терминалы орнатылды.

2011

  • Жобалау және даму басқармасы «Транстелеком» АҚ-ны Новоишимский елді мекеніне ОПТЖ-ға қосу бойынша жұмыстар жүргізді.
  • Байланыс арналарын ұйымдастыру және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерін магистральдық желіге қосу үшін ұзындығы 3,9 мың км магистральдық кабельден талшықтар тармақталды. Сол кезде ТОБЖ жалпы ұзындығы 6,6 мың км құрады.

2012

  • Ұзындығы 96 км Ақтөбе – Қандыағаш учаскесінде ТОБЖ құрылысының бірінші кезеңі іске асырылды.
  • ТОБЖ трассасының бойында орналасқан мониторингті басқару жүйесі (кабельдік желі) іске қосылды.

2013

  • «Астана – Щучинск ақылы жолы» жобасы бойынша арнаны ұйымдастыру және компания үшін ақылы жолдарға арналған коммутатор мен маршрутизаторлардың жабдықтарын баптау жүргізілді.
  • «ЭнергоРемСервис», «Мониторингке арналған сервис» (VLAN) – «Қазсатнет» және «Астел» компанияларымен, «Ақы алуға арналған сервис» – «Қазтелепорт» компаниясымен бірлесіп.

2014

  • 20 т/ж станцияларында SkyEdge-1 спутниктік байланыстың жаңа жер станцияларын орнату бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
  • Жыл қорытындысы бойынша «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесінің стратегиялық жобасы шеңберінде ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенімен жарақтандырылды және 856 тепловоз секциясы мен 983 электровоз секциясы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
  • ТОБЖ ұзындығы 8 139 км құрайды.
  • «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» медициналық пойыздары үшін телефония, интернет желісі және бейнеконференцбайланыс қызметтерін ұсыну бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

2015

  • «Транстелеком» АҚ жекешелендірудің басталуы.
  • «Кайдзен/Үнемді өндіріс» өндірісін жақсарту және басқару жөніндегі процесті өрістету.
  • «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің №1141 қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ 26% минус 1 акция басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын активтер тізбесіне енгізілді.
  • Парижде «Транстелеком» АҚ «Ekinops» компаниясының 100G DWDM оптикалық көлік жабдығын елдің бүкіл аумағын қамтитын оптикалық желіге және Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы ірі желінің бір бөлігі болып табылатын Қытаймен шекараға орналастырды.
  • «Транстелеком» АҚ-ның Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығына кіруі.
  • ЭДТ АБЖ жобасы шеңберінде локомотивтерді ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенімен жарақтандыру аяқталды; жоба басталғаннан бері барлығы 1 240 тепловоз секциясы және 1 043 электровоз секциясы жарақтандырылды.
  • ТОБЖ ұзындығы 10 954,2 км құрайды.
  • «Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды аяқтау. ҚР бойынша теміржол магистраліне жұмыстарды таратудың басталуы.

2016

  • Трансформацияның Жол картасы шеңберінде «Транстелеком» АҚ компаниясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін IT-шешімдерді, автоматтандыру және телекоммуникациялар жөніндегі шешімдерді енгізу бойынша бірыңғай интегратор болып айқындалды.
  • «Транстелеком» АҚ-ның Куәландырушы орталығын аккредиттеу және жұмысқа енгізу.
  • Ресей мен ТМД-дағы телекоммуникациялық көлік желілері нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы ең ірі іс-шараға – «Transport Networks Russia 2016» VII Халықаралық конференциясына қатысу.
  • Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына ресми демеушілік, онда Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 12 лицензия ойнатылды.
  • «Транстелеком» АҚ акциялар пакетінің 49% сатып алу-сату шартының күшіне енуі.
  • «Ұлттық бизнес-рейтинг» одағының хабарламасы бойынша «Транстелеком» АҚ-ға «Сала көшбасшысы» мәртебесі берілді.
  • ОҚО-да уран өндіруші кәсіпорында «Цифрлық кеніш» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді.
  • 1-ші жазғы Спартакиада «Транстелеком» АҚ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 16 спорт командасына өз есігін айқара ашты.
  • China Telecom Global Limited пен «Транстелеком» АҚ арасындағы екіжақты кездесу аясында «250 адамнан астам халқы бар ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен (бұдан әрі – КЖҚ) қамтамасыз ету» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • «Транстелеком» АҚ «ASTEX-2016» ірі халықаралық көрме-конференциясының бас серіктесі болды.
  • ТОБЖ ұзындығы 15 000 км-ден асады.

2017

  • 26% минус 1 акцияны сатудың ашық екі кезеңді конкурсының қорытындысы шығарылды, жеңімпаз анықталды.
  • «Транстелеком» АҚ-ның 2026 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.
  • «SOC» – Security Operation Center киберқауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша қызмет іске қосылды.
  • «Транстелеком» АҚ-ның жаңа ұйымдық құрылымы күшіне енді.
  • «Транстелеком» АҚ «АСТАНА ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің серіктесі болды.

2018

  • 191 бірыңғай қоңырау шалу нөмірі бар «Транстелеком» АҚ-ның байланыс орталығы ашылды.
  • Ребрендинг шеңберінде сауда белгісін «Транстелеком» «TTC»-ге ауыстыру.
  • «Транстелеком» АҚ бокстан Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жектің жарнамалық серіктесі болды.
  • «Транстелеком» АҚ талантты жастарды іздеп, АТ/Телко мамандықтарының бакалавриат түлектері арасында олимпиада өткізді.
  • Waves Platform-пен «Транстелеком» АҚ-ның Vostok блокчейн-платформасы негізінде интеграция бойынша серіктестік туралы келісім.
  • «Изумрудный квартал» БО ғимаратының жанында Астана қаласында екі жаңа модульдік Деректерді өңдеу орталығы өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
  • «Транстелеком» АҚ алғашқы бұлтты провайдер ретінде жекеше бұлтты Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісіне қосты.
  • Шілдеде басталған ҚТЖ SAP виртуалды инфрақұрылымының «Транстелеком» АҚ-ның ескі бұлтынан жаңасына табысты ұзақ мерзімді көші-қоны аяқталды.
  • «Транстелеком» АҚ қазақстандық ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша Қазақстандағы ірі бірлескен МЖӘ жобасына шарт жасасты.

2019

  • «Smart Almaty» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының метро станцияларында тегін Wi-Fi нүктелері іске қосылды.
  • ФДО қызметі іске қосылды, «Транстелеком» АҚ Қазақстандағы фискалдық деректер операторы болып белгіленді.
  • Қытайдан Ресей мен Еуропаға дейін 500 Гбит/с-тан басталатын қабілеті бар жаңа транзиттік дәліз іске қосылды.
  • Сбербанктың BI.ZONE еншілес компаниясымен бірлесіп Қазақстанда киберқауіпсіздік бойынша қызметтер көрсету үшін бірыңғай платформа құрылды.
  • «Жақсартуға тарту. Транстелекомша геймификация» жобасымен «WOW!HR» халықаралық бизнес-сыйлығының «LEVEL UP» номинациясындағы жеңіс.
  • Жыл сайынғы «HR-бренд Орталық Азия 2019» премиясында «TTC Digital HR» жобасымен «Қазақстан» номинациясындағы жеңіс.
  • Ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар іске асырылды – жоба Қазақстанның 9 облысын қамтыды.

2020

  • Интернет желісіне КЖҚ-ға 429 елді мекенді қосу бойынша «ТОБЖ технологиясы бойынша ҚР ауылдық елді мекендерін КЖҚ-мен қамтамасыз ету» жобасы аяқталды.
  • Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларында клиент үшін ақпараттық ресурстар инфрақұрылымы бар 7 ДӨО салу бойынша жоба іске асырылды.
  • «Транстелеком» АҚ сегменттерінің функционалдық стратегиялары бекітілді.
  • Жаңа ұйымдық құрылым енгізілді.

2021

  • «Unit Telecom» ЖШС «Транстелеком» АҚ-ның бір акциясын алып тастағанда акциялар пакетінің 75%-ының ресми иесі болды.
  • Алматыда 9 метро станциясында «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында тегін Wi-Fi нүктелері іске қосылды.
  • «Транстелеком» TransCaspian Fiber Optic (TCFO) шеңберінде Өзбекстан мен Қырғызстан операторларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
  • «Транстелеком» АҚ және Türk Telekom International компаниясы TransCaspian Fiber Optic (TCFO) жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар бірлескен күш-жігермен телекоммуникациялық дәлізді дамытуды жоспарлап отыр.
  • «Транстелеком» АҚ «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы» ЗТБ қосылды.

2022

  • TTC серіктес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтіп, 20 оқу орнымен меморандумдарға қол қойды, олардың арасында С.Демирел атындағы Университет, Astana IT University, «Тұран-Астана», Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті бар.
  • Plug and Play, «Транстелеком» АҚ және Astana Hub қазақстандық стартаптардан өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. 5G жобалары мен бұлтты шешімдерге, киберқауіпсіздікке, блокчейн технологияларына, Web3, жасанды интеллектке және бизнес-процестерді автоматтандыруға басымдық берілді.
  • TTC және Astana it University Қазақстанда ұялы байланыс желілерінің ашық стандарттарын әзірлеу бойынша зертхана ашуға келісті. Тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • TTC жаңа TTC TV қолданбасын іске қосты. Абоненттер сүйікті хабарларын кез келген уақытта, кез келген жерде көруге мүмкіндік алды.
  • «Транстелеком» АҚ Жһжобалау тобының қызметкерлері Uptime Institute Tier Standart стандартына сәйкес деректерді өңдеу орталықтарының операциялары бойынша аккредиттелген бағдарлама бойынша халықаралық сертификат алды.
  • «Транстелеком» АҚ Алматыда өткен Profit Cloud Day конференциясына қатысты. Іс-шара бұлтты технологияларға, деректерді өңдеу орталықтарына және Қазақстандағы үлкен деректерге арналды.
  • «Транстелеком» АҚ Design Documents жобалық сараптамасының толық циклынан сәтті өтті және Tier III Design Documents сертификатын алды. Ол деректер орталығының инфрақұрылымы халықаралық талаптарға толық сәйкес келетіндігін растайды.
  • Астана қ. Вектор-2000 телеграф коммутациялық серверін Алматы қ. және Ақтөбе қ. БТК Вектор-ВТ телеграф шлюздерін орната отырып жаңғырту жүзеге асырылды.
  • Өткізу қабілеттілігінің көлемі кемінде 100 Gbps қамтамасыз етіле отырып CGNAT желілік функциясын виртуалдандыру бойынша жоба іске асырылды.
  • «Транстелеком» АҚ барлық қызметтерінің биллингінің «Поток» АҚЖ-дан «Форвард» АБЖ-ға ауысуы.

Компания профилі

«Транстелеком» акционерлік қоғамы IT, байланыс, автоматика және энергетика саласында телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграциялауға маманданған Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі болып табылады.

«Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:

  • коммерциялық қызметтен пайда алу және оны акционерлердің мүддесіне пайдалану;
  • Қазақстан Республикасының аумағында заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді құру және оларды ІТ-технологиялардың әлемдік желісіне интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі тұтынушыларға озық технологиялардың әртүрлі түрлерін ұсыну.

Компанияның бірінші кезектегі міндеті желілерді дамыту және жаңғырту арқылы Қазақстан аумағында байланыс және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру болып қала береді.

«Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде қызметін жүзеге асырады және телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрін, оның ішінде халықаралық, қалааралық, жергілікті телефония қызметтерін және интернет желісіне, сондай-ақ магистральдық байланыс арналарына қолжетімділікті ұсынуға маманданған.

«Транстелеком» АҚ транзиттік әлеуетті дамытуға және Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағындарды ұлғайтуға ұмтылады, өйткені Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікмен Республикасының халықаралық операторларымен (іске асыру сатысында) байланысты қамтамасыз ете отырып, магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілері бар.

«Транстелеком» АҚ еліміздің барлық аумағында 14 филиалдан тұратын сервис желісі, 3 дата-орталықтан тұратын меншікті желісі бар.

«Транстелеком» АҚ атқарушы органының мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05H9A7, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 10.


Ұйымдық
құрылымы

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұйымдық құрылым

Акционерлердің жалпы жиналысы
Директорлар кеңесі
Басқарма
Орталық аппарат
Ақтаутранстелеком
Ақтөбетранстелеком
Алматытранстелеком
Астанатранстелеком
Атыраутранстелеком
Жамбылтранстелеком
Қарағандытранстелеком
Көкшетаутранстелеком
Қостанайтранстелеком
Қызылордатранстелеком
Өскементранстелеком
Павлодартранстелеком
Семейтранстелеком
Шымкенттранстелеком

Акционерлік
капиталдың құрылымы
және бағалы қағаздар

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Транстелеком» АҚ-ның акционерлері: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – иелену үлесі 25% плюс 1 акция, «Unit Telecom» ЖШС – иелену үлесі 75% минус 1 акция.

«Транстелеком» АҚ-ның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 471 089 дананы құрайды, оның ішінде: 5 638 097 дана орналастырылды, 832 992 дана орналастырылмаған. Бір акцияның номиналды құны – 1 000 теңге. Артықшылықты акциялар қарастырылмаған.

2022 жыл ішінде «Транстелеком» АҚ-ның жарғылық капиталында өзгерістер болған жоқ және қосымша акциялар орналастырылмады.


Бір акцияның
номиналды құны

1 000

теңге

Жарияланған жай акциялардың саны, дана 6 471 089
Орналастырылған акциялардың саны, дана 5 638 097
Орналастырылмаған саны, дана 832 992
Бір акцияның номиналды құны, тг. 1 000
Акцияларды орналастырудан тартылған ақшалай қаражат сомасы, тг. 12 241 487 000

Қосымша
төленген капитал


Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 22 шілдедегі шешімімен ішкі нарықта 22 млрд теңгеден аспайтын сомаға облигацияларды шығару туралы шешім қабылданды.

2020 жылғы 10 қаңтарда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жылдық 11,5% купондық мөлшерлемемен 10 000 000 мың теңге мөлшерінде Қазақстан қор биржасында шығарылған «Транстелеком» АҚ-ның облигацияларын сатып алды. Облигациялар шығару проспектісіне сәйкес шығарылған облигациялардың айналым мерзімі – 12 жыл. 2021 жылғы 19 қарашада Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 қазандағы шешіміне сәйкес 7 жыл мерзімге жылдық 13,0% купондық мөлшерлемемен 15 000 000 мың теңге мөлшерінде облигациялар орналастырылды.