Корпоративтік
басқару


Компания тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылауға және қаржылық тұрақтылыққа ықпал ететін басқарушылық шешімдер қабылдаудағы жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді

Корпоративтік
басқару туралы
жалпы ақпарат

Негізгі қағидаттар

Акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Директорлар кеңесі мен Басқарманың тиімді жұмысы.

Ашылатын ақпараттың ашықтығы мен анықтығы.

Заңдылық, әдептілік және басқарушылық жауапкершілік.

Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығыстарын реттеу.

Кадрлық әлеуетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау.

Корпоративтік басқару құрылымы

Корпоративтік басқару Директорлар кеңесін, Басқарманы, ішкі аудитті, сондай-ақ бұзушылықтар туралы құпия хабарлауға арналған Жедел желіні қамтиды. Компания тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылауға және қаржылық тұрақтылыққа ықпал ететін басқарушылық шешімдер қабылдаудағы жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

«Транстелеком» АҚ үздік халықаралық тәжірибелерге және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға бағдарлана отырып, корпоративтік құрылымды дәйекті түрде жетілдіруде.

Акционерлік капитал

«Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ жекешелендіруге және бәсекелік ортаға иеліктен шығаруға жататын компаниялар тізіміне енді.

2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі акционерлік капитал құрылымы:

  • «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – 25% + 1 акция.
  • «Unit Telecom» ЖШС – 75% - 1 акция.

2024 жылы жарғылық капиталда өзгерістер болған жоқ.

Жай акциялар жарияланды – 6 471 089, орналастырылды – 5 638 097, орналастырылмады – 832 992. Бір акцияның номиналды құны – 1 000 теңге. Орналастырудан тартылған қаражат – 12,2 млрд теңге.

Облигациялар

Директорлар кеңесі 2019 жылғы 22 шілдеде ішкі нарықта жылдық 11,5% купондық мөлшерлемемен және айналым мерзімі 12 жыл болатын 22 млрд теңгеден аспайтын сомаға облигациялар шығару туралы шешім қабылдады. 2020 жылғы 10 қаңтарда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 10 млрд теңге көлемінде облигациялар сатып алды. 2023 жылғы қаңтарда «Транстелеком» АҚ 2 млрд теңге сомасына облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алуды жүзеге асырды.

2021 жылғы 19 қарашада Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 қазандағы шешіміне сәйкес 7 жыл мерзімге жылдық 13,0% купондық мөлшерлемемен 15 млрд теңге мөлшерінде облигациялар орналастырылды.

Дивидендтер

2024 жылы дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жоқ.

2023 жылдың қорытындысы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының 2025 жылғы 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес 6 млрд теңге дивидендтер төлеуге бағытталды.

1 жай акцияға дивиденд 1 064,19 теңгені құрады.

Ірі мәмілелер

2024 жылдың қорытындысы бойынша:

  • «Транстелеком» АҚ-ның түсімі – 86 млрд теңге.
  • Интернет сегментінде – 16 млрд теңге (нарық үлесі 3,6%).
  • Деректерді беруде – 8 млрд теңге (нарық үлесі 13,8%).

Өсім бизнесті әртараптандыру, B2Cloud, B2SP, B2C және халықаралық қызметті дамыту арқылы қамтамасыз етілді.

Ішкі жобалау институты құрылды, Яндекс.Бұлтпен келісімшартқа қол қойылды, «ҰАТ» АҚ, KAZ Minerals және басқалармен жобалар іске асырылды. B2C клиенттік базасының өсуі +16,7%-ды құрады.

Акционерлердің жалпы жиналысы

Жоғары басқару органы – Акционерлердің жалпы жиналысы.

Жиналыстың құзыреті, сондай-ақ оны өткізу тәртібі Жарғымен және 2016 жылғы 04 тамыздағы Ережемен, №1 хаттамамен айқындалған.

«Транстелеком» АҚ барлық акционерлердің тең құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.



6,471

млн жай акциялар

жарияланды



16%

 

B2C клиенттік базасының өсуі



1 064,19

теңге

1 жай акцияға дивиденд



Директорлар
кеңесі

Директорлар
кеңесінің қызметі

Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, «Транстелеком» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесі тиімді корпоративтік басқаруды қамтамасыз етуде, акционерлердің құқықтарын қорғауда және атқарушы органды бақылауда шешуші рөл атқарады.

Директорлар кеңесінің қызметі Жарғымен және Директорлар кеңесі туралы ережемен реттеледі (2016 жылғы 04 тамызда кейінгі өзгерістермен бекітілген).

2024 жылы Директорлар кеңесінің 8 отырысы, барлығы күндізгі нысанда өткізілді.

Отырыс шеңберінде 31 мәселе қаралды, оның 25-і бейінді комитеттермен алдын ала пысықталды.

Директорлар кеңесінің жұмысы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізілді.




8

Отырысы

2024 жылы
Директорлар
кеңесінің өткізілді


ДК отырыстары туралы ақпарат

2024 жылы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстарына Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы туралы ақпарат

ТАӘ Отырыстарға қатысу, белгіленген күннен бастап % Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің құрамында болу кезеңі
Алиев Нұрали Рахатұлы8-ден 8100 2024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан
Ахметжанов Ануар Мұратұлы3-тен 31002024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан
Покупателев Дмитрий Александрович8-ден 8100 2024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан
Гумаров Эльдар Мухтарович7-ден 891 2024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан
Өтемұрат Берік Мұстайұлы8-ден 8100 2024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан
Аниховский Вячеслав Анатольевич8-ден 8100 2024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан
Ибраимов Ғалымжан Уалханұлы8-ден 8100 2024 жылғы 1 қаңтар-31 желтоқсан

2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі Директорлар кеңесінің құрамы:

Директорлар кеңесінің мүшелері Сайлау күні Мәртебесі
Алиев Нұрали Рахатұлы2023 жылғы 25 шілде Акционердің өкілі
Ахметжанов Ануар Мұратұлы2023 жылғы 25 шілде Акционердің өкілі
Покупателев Дмитрий Александрович2023 жылғы 25 шілде Акционердің өкілі
Гумаров Эльдар Мухтарович 2023 жылғы 25 шілде Акционердің өкілі
Өтемұрат Берік Мұстайұлы2023 жылғы 25 шілде Тәуелсіз директор
Аниховский Вячеслав Анатольевич2023 жылғы 25 шілде Тәуелсіз директор
Ибраимов Ғалымжан Уалханұлы2023 жылғы 25 шілде Тәуелсіз директор

2024 жылы «Транстелеком» АҚ-да Директорлар кеңесінің үш бейінді комитеті жұмыс істеді:

  • Аудит комитеті.
  • Кадр және сыйақы комитеті.
  • Стратегиялық жоспарлау комитеті.

3

Директорлар кеңесінің

бейінді комитеті



Атқарушы
орган

Басқарманың құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары және басқа да тұлғалар кіреді.

Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы Басқарма құрамы:

Т.А.Ә. ЛауазымыТағайындау күні
Әбділдин Сүйеніш Төлеуханұлы «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы 2023 жылғы 8 желтоқсан


Тәуекелдерді
басқару

«Транстелеком» АҚ тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің өзара байланысты бес компонентін басшылыққа алады:

  • Басқару және корпоративтік мәдениет;
  • Стратегия және мақсаттарды тұжырымдау;
  • Қызметтің тиімділігін бақылау;
  • Өзгерістерді мониторингтеу және енгізу;
  • Ақпараттық қамтамасыз ету, ішкі коммуникация және есеп беру.

ТБКЖ қағидаттары «үш қорғаныс желісі» моделіне негізделген:

  • Директорлар кеңесі ТБКЖ тиімділігін қадағалауды жүзеге асырады.
  • Аудит комитеті жүйенің сенімділігін бақылайды және оның дамуына ықпал етеді.
  • БасқармаТБКЖ енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
  • Басқарма жанындағы Тәуекелдер комитеті тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және көлденең коммуникацияны қамтамасыз етеді.

Негізгі тәуекелдер

Өтімділік тапшылығы қаупі
2024 жылдың соңында ағымдағы өтімділік коэффициенті ұзақ мерзімді активтерді сату және ірі контрагент алдындағы міндеттемелерді өтеу есебінен 5 есе жақсарды. Мынадай шаралар қабылданды: негізсіз шығыстарды қысқарту, дебиторлық берешекпен жұмыс, кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылау.

Ковенанттардың бұзылу тәуекелі
2024 жылы несие шарттарының талаптарын бұзу тіркелген жоқ. Тұрақты мониторинг, міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу және шығындарды азайту қамтамасыз етілді.

Валюталық тәуекел
Рубль мен фунт стерлинг бойынша бейімділік сақталады. Жалпы валюталық позиция 91%-ға жақсарды, ықтимал шығын (VAR) 85%-ға төмендеді. Шаралар: бағамдардың мониторингі, валюталық қалдықтарды әртараптандыру.

Мерзімі өткен дебиторлық берешектің өсу тәуекелі
Кешіктіру (3 айдан астам) 2023 жылғы деңгейге қарағанда 3 есе өсті. Мынадай шаралар қабылданды: мерзімдерді бақылау, клиенттерге қоңырау шалу, актілерге уақтылы қол қою және шот-фактуралар.



Сапаны
басқару

2024 жылғы
аудит және
сертификаттау

Есепті жылы Компания халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестігін растай отырып, қолданыстағы менеджмент жүйелері бойынша қайта сертификаттаудан және инспекциялық аудиттерден сәтті өтті. Мынадай сертификаттар алынды:

  • ISO 50001:2018 (энергия менеджменті, халықаралық URS Kazakhstan сертификаты).
  • СТ РК ISO 50001:2019 («Қазақстандық сапа орталығы» ЖШС атынан ұлттық сертификат).