2021

Жылдық есеп
«Транстелеком» АҚ
2021 ///

01

2021 жыл телекоммуникация
индустриясы үшін сапалы
трансформация жылы болды.


 
Ком-
пания
бүгін


Компания бүгін

«Транстелеком» АҚ телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрін, оның ішінде халықаралық, қалааралық, жергілікті телефония қызметтерін және интернет желісіне, сондай-ақ магистральдық байланыс арналарына қолжетімділікті ұсынуға маманданған.

  Жылдық есеп / Транстелеком / 2021

Директорлар
кеңесі Төрағасының
үндеуі

Құрметті акционерлер, инвесторлар,
серіктестер мен клиенттер!

Сіздердің назарларыңызға «Транстелеком» АҚ кезекті жылдық есебін ұсынамын.

2021 жыл жаңа жағдайларға бейімделу жылы болды. Біз COVID-19 ешқайда кетпегенін түсіндік. Бірақ біз алға жылжыдық. Жүргізілген талдау Қоғамның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қызметтерді дамыту және елдің телекоммуникациялық нарығындағы позицияларды нығайту жөніндегі міндеттерді табысты іске асырғанын көрсетті. Біз басқарудың базалық қағидаттарын сапалы түрде қайта құрып, нарықтың шынайылығы мен шарттарын қабылдап, өзгерістерге жедел жауап бере алдық.

Жасыратыны жоқ, бизнесте ұзақ мерзімді құндылықтарды құру тұжырымдамасын ұстанатын ұйымдар ең жақсы қаржылық нәтижелерді көрсетеді, жоғары білікті қызметкерлерді тартады және ұстайды, ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Сондықтан «Транстелеком» өз стратегиясына тұрақты даму қағидаттарын кіріктірді. Экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, ашық корпоративтік басқару Қоғам үшін жай сөз ғана емес, біздің қызметіміздің базалық құрамдастарына айналды.

Бүгінде Қоғам барлық заңнамалық нормаларды сақтайды және өзіне алған міндеттемелерді орындайды, клиенттермен, серіктестермен, жеткізушілермен және қызметкерлермен құрметке негізделген және өзара тиімді қарым-қатынас жасайды, ақпараттық ашықтық пен айқындықты жетілдіреді, әдепті іскерлік тәсілдерге сүйенеді және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізеді. Сонымен қатар, Қоғам қоршаған ортаға ұқыпты қарайды және клиенттер мен серіктестер арасында жоғары экологиялық стандарттардың таралуына ықпал етеді.

Лайықты еңбек жағдайларын қолдау және персоналды дамыту үшін мүмкіндіктер ұсыну да біздің қызметіміздің басты аспектілерінің бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, дұрыс таңдалған команда компания табысының 90%-ын құрайды. Бірақ IT саласындағы үрдістер мен трендтер өте тез өзгереді. Уақыт талабына бейімделу үшін компания қызметкерлері өздерінің біліктіліктерін арттырады, соның арқасында білім базасы кеңейіп, нарықтағы мамандардың құндылығы артады.

2021 жылы Қоғам елде қолайлы климат жасау үшін көп жұмыс атқарғанын айта кету керек. Бұл ретте, барлық қиындықтарға қарамастан, біз тұрақты және техникалық сенімді компания болып қала бердік. «Транстелеком» АҚ өзінің даму динамикасын одан әрі де сақтап қалатынына сенімдімін. Есепті жылы қол жеткізілген барлық көрсеткіштер Директорлар кеңесіне Басқарманың, топ-менеджменттің және қызметкерлердің қызметін жоғары бағалауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Өз сөзімді қорытындылай келе, акционерлерге және серіктестерге – сенім мен көп жылдық ынтымақтастық үшін, менеджментке − қойылған міндеттерді адал орындағаны үшін, ұжымға − еңбексүйгіштік және жұмыстағы инновациялық тәсілдері үшін шынайы алғысымды және ризашылығымды білдіргім келеді. Біздің компаниямыздың клиенттеріне де біздің дамуымызға үлес қосқандарыңыз және жетілуге көмектескендеріңіз үшін алғыс айтамын.


Нұрәлі
Рахатұлы
Әлиев


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы


Қоғамның
Басқарма
төрағасының
үндеуі

Құрметті акционерлер,
серіктестер мен әріптестер!

2021 жыл экономиканың көптеген салалары үшін сапалы трансформация жылы болды. Оның ішінде телеком-индустрия үшін де. Пандемия ел үшін шок болуды қойды және шиеленіс төмендеді. Біздің компания уақыт, қоғам және экономика сұраныстарына бейімделуді жалғастырды. Біз барлығына болып жатқан жағдайларға жедел ден қоя алатынымызды көрсеттік.

2021 жылы интернетті пайдаланушылар саны сенімді түрде өсе берді. Қызметкерлердің көпшілігі қашықтан жұмыс істеді, ал оқушылар қашықтықтан оқыды. 2021 жылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде «Транстелеком» торабынан ТОБЖ салу арқасында елдегі шалғай елді мекендердің 19 мыңға жуық тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Абоненттердің басым бөлігі Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында болды.

Коронавирустық пандемия бизнесті цифрлық трансформациялауды жеделдетіп, компанияларды бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін озық шешімдерді енгізуге итермеледі. Бұлтты технологиялар іскер қоғамдастық үшін мейнстримге айналды. Табысты жұмыс істейтін бизнес-процестердің басты заңы – тұтынушыларға қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсыну. Біз ДӨО құрылысын жалғастырдық, шілдеде жұртшылыққа аумағы мың алты жүз шаршы метрден асатын Ақтау дата-орталығын ұсындық. Бүгінгі таңда компанияда республика бойынша аумақтық шашыраңқы орналасқан 9 деректерді өңдеу орталығы бар, бұл басқа ойыншылардың алдында айқын бәсекелестік артықшылық болып табылады. Клиенттерге серверлік жабдықтарды орналастыру (colocation), бұлтты инфрақұрылым (IaaS), резервтік көшірме жасау, әкімшілік ету және басқа да қызметтер қолжетімді.

Сонымен қатар, біздің компания үшін 2021 жыл интеграциялық процестер белгісімен өтті. Ірі шетелдік компаниялармен бірден бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Кремний алқабының әлемдік көшбасшысы Plug and Play, ол өз платформасында 40 мыңнан астам стартаптарды біріктіреді. Болашақта біздің компания корпоративтік инновациялардың көмегімен IT және TELCO қызметтерін дамытуға ниетті. Бұл бизнестің өзекті мәселелерін шешуге және клиенттер мен серіктестер үшін жаңа құндылықтар жасауға көмектеседі деп ойлаймын.

Жылды қорытындылай келе, мен мақсатты көрсеткіштерге жету үшін Қоғамның белсенді түрде өзгеріп, сенімділікті арттырып, жаңа мүмкіндіктер ашатынын көремін. Бүгінгі таңда «Транстелеком» қатысатын өңірлердің дамуына елеулі үлес қосады, инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысады және маңызды міндеттерді шешуге жәрдемдеседі. Мысалы, Smart Sity бағдарламасын дамыту аясында Алматы қаласында компания алғаш рет «Ақылды жаяу жүргінші өткелі» жүйесін іске қосты. Жобаның мақсаты – жолдардағы қауіпсіздікті арттыру. Сонымен қатар, Қоғам Қосшы кентінде бейнебақылау жүйесін орнату жобасын іске асырды. Нәтижесінде мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін тану функциясы бар 62 камера орнатылды.

Көріп отырғандарыңыздай, 2021 жылы біз «Транстелеком» АҚ-ның дәстүрлі және цифрлық сегменттердегі позицияларын нығайттық, сондай-ақ компания үшін перспективалы бағыттарды игеруді жалғастырдық. Бірақ, егер біздің қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі болмаса, мұның бәрі де болмас еді. Біздің барлық үлкен және тату ұжымымыз қазақстандықтарды цифрлық әл-ауқатқа жетелеу жөніндегі біздің миссиямызды сенімді түрде жалғастыруда. Қоғамның барлық қызметкерлеріне еңбексүйгіштік, адал жұмыс, құзыреттілік және креативті идеялар үшін алғысымды білдіремін. Біз көп іс тындырдық, бірақ алда одан да көп жұмыс күтіп тұр. Бізді жаңа жауапты міндеттер, үлкен жоспарлар мен маңызды бастамалар, жаңа жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін!


Елнар
Русланұлы
Адайбеков


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы


Даму
тарихы

  • «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Сигнализация және байланыс шаруашылығын басқару жүйесін оңтайландыру туралы» бұйрығының негізінде «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
  • Тамыз. ҚР Үкіметінің «Қазақстан темiр жолы» РМК-ны қайта ұйымдастыру және оның құрамынан мемлекеттің 100% қатысуымен «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамын бөлу жөніндегі шаралар туралы» қаулысы шығарылды.
  • Қараша. «Транстелеком» ААҚ бастапқы мемлекеттік тіркеу күні.
  • Автоматтандырылған биллинг жүйесін және техникалық есепке алу жүйесін енгізу.
  • Спутниктік байланыс желісі құрылды.
  • Деректерді беру желісінің тораптарын орнату және енгізу, сондай-ақ клиенттерге интернет желісіне қолжетімділікті қоса алғанда, жаңа қызметтердің кең ауқымын ұсыну басталды.
  • Қыркүйек. Алматы станциясында цифрлық автоматты телефон станциясын енгізу.
  • Байланыс операторы ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамын желіге қосуға орталықтандырылған шартқа қол қойылды.
  • «Транстелеком» ААҚ атауы «Транстелеком» АҚ деп өзгертілді.
  • 30-дан астам жаңа цифрлық АТС орнатылды.
  • Наурыз. Ұзындығы 1 340 километр болатын Алматы-Астана учаскесінде ТОБЖ құрылысы аяқталды.
  • Сәуір. Байланыс желілерін басқару орталығын ашу және ТОБЖ мониторингі мен әкімшілендірудің бірыңғай жүйесін іске қосу.
  • Қараша. ИСО 9001-2000 Халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сәйкестік сертификатын алды.
  • Наурыз. Қоғам Германияның Ганновер қаласындағы CEBIT халықаралық телекоммуникациялық көрмесіне қатысты.
  • Наурыз. Қоғам Халықаралық Қордың «Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін» алтын медалімен марапатталды.
  • Қараша. Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған 2 АПСК 120/120 және АТ-ПС-ПД 72/64 телеграф станциялары бірінші цифрлық – «Вектор-2000» телеграф коммутациялық серверіне» ауыстырылды.
  • Қыркүйек. «ПОТОК» автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі енгізілді.
  • Қаңтар. АТ-ПС-ПД жұмыс істеп тұрған 6 телеграф станциясын бір «Вектор-2000» цифрлық телеграф коммутациялық серверіне ауыстыру арқылы Астана (2 дана), Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Екібастұз қалалары бойынша телеграф станцияларын жаңғырту басталды.
  • Ақпан. Бастапқы магистральдық желі және ТОБЖ учаскелерінің қызметін үйлестіру үшін «Бастапқы магистральдық желі» орталығы құрылды.
  • Наурыз. Қоғам тарихында алғаш рет «Orange» үшін сыйымдылығы 45 Мбит Астана-Лондон арнасы ұйымдастырылып, пайдалануға берілді.
  • Сәуір. Алматы-Астана учаскесінде ҚТЖ-ның жедел-технологиялық байланысының SDH желісі салынды (жабдық конфигурациясы, бағдарламалық қамтамасыз ету және тестілеу жүргізілді).
  • Шілде. Алматы, Шу, Көкшетау, Қарағанды, Астана қалаларында магистральдық желінің аумақтық учаскелері құрылды.
  • Тамыз. Қоғамның ресурстарын ұтымды пайдалану үшін, сондай-ақ Қазақстаннан тыс клиенттерге сервис ұсыну бойынша жедел жұмыс үшін сыйымдылығы STM1 болатын Мәскеу қаласында М9 виртуалды РОР торабы ұйымдастырылды.
  • Қазан. Астана-Петропавл-Атырау STM1 деңгейіндегі арнаны тестілеу аяқталды, бұл Атырау филиалының телефония желілерін Алматы, Қарағанды, Астана, Көкшетау қалаларының филиалдарымен біріктіруге, сондай-ақ Атырау қаласындағы клиенттер үшін арналарды жалға беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.
  • Қазан. «British Telecom» компаниясы үшін екі VC3 Гонконг-Алматы–Мәскеу тестілеуі өткізілді. Қазақстанның басқа қалаларында Қоғамның көлік желісі бойынша «British Telecom» жобалары іске асырылды.
  • Желтоқсан. Alcatel-Lucent компаниясымен ірі магистральдық көлік желісін жеткізу және монтаждау туралы шартқа қол қойылды. Жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырды.
  • Бір жыл бұрын пайдалануға берілген 128 спутниктік байланыс жүйесі «РҒБО РЖҚ ЭҮО» АҚ-да электромагниттік үйлесімділіктен өтті және кейіннен радиожиілік спектріне рұқсат ала отырып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде тіркелді.
  • Маусым. Астана – Алматы – Астана қатынасындағы «Тұлпар-1» және «Тұлпар-2» фирмалық пойыздары үшін деректерді беру қызметтерін коммерциялық пайдалануға енгізу жүргізілді (Қоғамның 01.06.2010 ж. № 174-П бұйрығы).
  • Маусым. Алматы е/м-дегі Ортақ Пайдаланылатын Телекоммуникациялар Желісіне транзиттік телефон трафигін ұйымдастыру және трафикті халықаралық бағыттар бойынша және ұялы операторлар желісі бойынша өткізу үшін «KazTransNet» ЖШС және «Space.KZ» ЖШС оператор желісін Қоғам желісіне қосу.
  • Шілде. Мемлекеттік комиссияның қаулысымен ОП-39 HUB (орталық басқару станциясы) пайдалануға қабылданды.
  • Тамыз. Астана қаласындағы Қоғамның басқару станциясына «Жоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысы» деректер мен дауысты берудің жерүсті спутниктік желісін (ОП-39) ауыстыру жүргізілді.
  • Қыркүйек. Усa«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шешімі негізінде БКБ ұйымдастыру үшін № 3 медициналық пойызда деректер мен дауыстарды берудің спутниктік терминалы орнатылды.
  • Жобалау және даму басқармасы Қоғамды Новоишимский елді мекеніне ОПТЖ-ға қосу бойынша жұмыстар жүргізді.
  • Қыркүйек. Байланыс арналарын ұйымдастыру және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерін магистральдық желіге қосу үшін ұзындығы 3,9 мың км магистральдық кабельден талшықтар тармақталды. Сол кезде ТОБЖ жалпы ұзындығы 6,6 мың км құрады.
  • Ұзындығы 96 км Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінде ТОБЖ құрылысының бірінші кезеңі іске асырылды.
  • ТОБЖ трассасының бойында орналасқан мониторингті басқару жүйесі (кабельдік желі) іске қосылды.
  • «Астана-Щучинск ақылы жолы» жобасы бойынша арнаны ұйымдастыру және «ЭнергоРемСервис» компаниясы үшін ақылы жолдар үшін коммутатор мен маршрутизатор жабдықтарын баптау жүзеге асырылды, «Қазсатнет» және «Астел» компанияларымен бірлесіп «Мониторингке арналған сервис» (Vlan), «Қазтелепорт» компаниясымен бірлесіп «Ақы алуға арналған сервис».
  • 20 т/ж станцияларында SkyEdge-1 спутниктік байланыстың жаңа жер станцияларын орнату бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
  • Жыл қорытындысы бойынша «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесінің стратегиялық жобасы шеңберінде ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенімен жарақтандырылды және 856 тепловоз секциясы мен 983 электровоз секциясы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
  • ТОБЖ ұзындығы 8 139 км құрайды.
  • «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» медициналық пойыздары үшін телефония, интернет желісі және бейнеконференцбайланыс қызметтерін ұсыну бойынша жұмыстар тұрақты негізде ұйымдастырылған.
  • Қоғамды жекешелендірудің басталуы.
  • Қыркүйек. «Кайдзен – Үнемді өндіріс» өндірісін жақсарту және басқару жөніндегі процесті өрістету.
  • Желтоқсан. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің №1141 қаулысына сәйкес Қоғам 26% минус 1 акция басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын активтер тізбесіне енгізілді.
  • Желтоқсан. Парижде қоғам «Ekinops» компаниясының 100G DWDM оптикалық көлік жабдығын елдің бүкіл аумағын, соның ішінде Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы ірі желінің бөлігі болып табылатын Қытаймен шекараны қамтитын оптикалық желіге орналастырды.
  • Желтоқсан. Қоғамның Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығына кіруі.
  • ЭДТ АБЖ жобасы шеңберінде локомотивтерді ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенімен жарақтандыру аяқталды. Жоба басталғаннан бері барлығы 1 240 тепловоз секциясы және 1 043 электровоз секциясы жабдықталған.
  • ТОБЖ ұзындығы 10 954,2 км құрайды.
  • «Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аяқталды. ҚР бойынша теміржол магистралінде таратуды бастау.
  • Ақпан. Қоғам – Трансформациялау Жол картасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы үшін IT-шешімдерді, автоматтандыру және телекоммуникациялар жөніндегі шешімдерді енгізу жөніндегі бірыңғай интегратор.
  • Ақпан. Қоғамның Куәландырушы орталығын аккредиттеу және жұмысқа енгізу.
  • Мамыр. Ресей мен ТМД-дағы телекоммуникациялық көлік желілері нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы ең ірі іс-шараға – «Transport Networks Russia 2016» VII Халықаралық конференциясына қатысу.
  • Мамыр. Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына ресми демеушілік, онда Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 12 лицензия ойнатылды.
  • Маусым. Қоғамның акциялар пакетінің 49%-ын сатып алу-сату шарты күшіне енді.
  • Шілде. Одақтың хабарламасы бойынша «Ұлттық бизнес-рейтинг» Қоғамға «Сала көшбасшысы» мәртебесі беріледі.
  • Тамыз. ОҚО-да уран өндіруші кәсіпорында «Цифрлық кеніш» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді.
  • Тамыз. Қоғам тарихындағы алғашқы жазғы Спартакиада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 16 спорт командасына өз есігін айқара ашты.
  • Қараша. China Telecom Global Limited пен Қоғам арасындағы екіжақты кездесу аясында «250 адамнан астам халқы бар ауылдық елді мекендерді интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен (бұдан әрі – КЖҚ) қамтамасыз ету» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • Қараша. Қоғам «ASTEX-2016» ірі халықаралық көрме-конференциясының бас серіктесі болды.
  • ТОБЖ ұзындығы 15 000 км-ден асады.
  • 26% минус 1 акцияны сатудың ашық екі кезеңді конкурсының қорытындысы шығарылды, жеңімпаз анықталды.
  • Қоғамның 2026 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.
  • «SOC» – Security Operation Center киберқауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша қызметтерді іске қосу.
  • Қоғамның жаңа ұйымдық құрылымы күшіне енді.
  • «АСТАНА ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің серіктесі ретінде қатысу.
  • 191 бірыңғай қоңырау шалу нөмірі бар Қоғамның байланыс орталығы ашылды.
  • Қоғам ребрендинг өткізді. Ребрендингтің бір бөлігі – тауар белгісін «Транстелеком» белгісінен «TTC» белгісіне ауыстыру.
  • «Транстелеком» АҚ Головкин – Наурызиросян боксының жарнамалық серіктесі болды.
  • Қоғам дарынды жастарды іздеп бакалавриат түлектері арасында олимпиада өткізеді.
  • Қоғам Waves Platform-пен Қоғамның Vostok блокчейн-платформасы негізінде интеграция бойынша серіктестік туралы келісімге қол жеткізді.
  • Астана қаласында «Изумрудный квартал» бизнес орталығы ғимаратының жанында екі жаңа модульдік Деректерді өңдеу орталығын өнеркәсіптік пайдалануға енгізді.
  • «Транстелеком» АҚ алғашқы бұлтты провайдер ретінде жекеше бұлтты Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісіне қосты.
  • Шілдеде басталған ҚТЖ SAP виртуалды инфрақұрылымының «Транстелеком» АҚ-ның ескі бұлтынан жаңасына табысты ұзақ мерзімді көші-қоны аяқталды.
  • Қоғам қазақстандық ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша Қазақстандағы ірі бірлескен МЖӘ жобасына шарт жасасты.
  • «Smart Almaty» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының метросында тегін Wi-Fi іске қосу.
  • «Транстелеком» АҚ Қазақстандағы фискалдық деректер операторы болып анықталды, ФДО қызметін іске қосу.
  • Қытайдан Ресей мен Еуропаға дейінгі жаңа транзиттік дәлізді іске қосу – 500 Гбит/с-тан басталатын қабілеті бар іске қосу.
  • Сбербанктың BI.ZONE еншілес компаниясымен бірлесіп Қазақстанда киберқауіпсіздік бойынша қызметтер көрсету үшін бірыңғай платформа құру.
  • «WOW!HR» халықаралық бизнес-сыйлығының «LEVEL UP» номинациясындағы жеңіс, «Жақсартуға тарту. Транстелекомша геймификация».
  • Жыл сайынғы «HR-бренд Орталық Азия 2019» премиясында «TTC Digital HR» жобасымен «Қазақстан» номинациясындағы жеңіс.
  • Ауылдық елді мекендерді интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар іске асырылды – жоба Қазақстанның 9 облысын қамтыды.
  • Интернет желісіне КЖҚ-ға 429 елді мекенді қосу бойынша «ТОБЖ технологиясы бойынша ҚР ауылдық елді мекендерін КЖҚ-мен қамтамасыз ету» жобасы аяқталды.
  • Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларында клиент үшін ақпараттық ресурстар инфрақұрылымы бар ДӨО ғимараттарын салу бойынша жоба іске асырылды.
  • «Транстелеком» АҚ блоктарының функционалдық стратегиялары бекітілді.
  • Жаңа ұйымдық құрылым енгізілді.
  • «Unit Telecom» ЖШС «Транстелеком» АҚ-ның бір акциясын алып тастағанда акциялар пакетінің 75%-ының ресми иесі болды.
  • Алматыда метроның 9 станциясында Transtelecom-нан WI-FI-ға қолжетімділік пайда болды. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
  • «Транстелеком» TransCaspian Fiber Optic (TCFO) шеңберінде Өзбекстан мен Қырғызстан операторларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
  • «Транстелеком» АҚ және Türk Telekom International компаниясы TransCaspian Fiber Optic (TCFO) жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар бірлескен күш-жігермен телекоммуникациялық дәлізді дамытуды жоспарлап отыр.
  • «Транстелеком» АҚ «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы» ЗТБ қосылды.

Компания
сандармен

4 823

Таза пайда – 4 823 млн теңге


41

EBITDA margin – 41%


34 129

EBITDA – 34 129 млн теңге


85 449

Кірістер – 85 449 млн теңге


84 615

Түсім – 84 615 млн теңге


35 866

Меншікті капитал – 35 866 млн теңге


58 429

Сатудың өзіндік құны – 58 429 млн теңге


7 341

Жалпы әкімшілік шығындар – 7 341 млн теңге


3 358

Қызметкерлер саны – 3 358 адам.


25 633

1 қызметкерге табыс – 25 633 мың теңге


870 932

Жергілікті байланыс қызметі – 870 932 мың теңге


489 805

Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері – 489 805 мың теңге


9 805 743

Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері – 9 805 743 мың теңге


1 235 760

Телеграф байланысы – 1 235 760 мың теңге


4 827 369

Спутниктік байланыс және деректерді беру қызметтері – 4 827 369 мың теңге


13 362 935

ТОБЖ магистральдық арналарын жалға алу қызметтері – 13 362 935 мың теңге


4 184 604

Халықаралық транзит – 4 184 604 мың теңге


1 249 108

АЕМ сервисі – 1 249 108 мың теңге


5 483 885

ОТС сервисі – 5 483 885 мың теңге


130 847

ОТТ және жабдықты жалға алу – 130 847 мың теңге


30 426

Жеке тұлғалардың тіркелген желілерінің саны – 30 426 абонент


87 072

Тіркелген КЖҚ порттарының саны – 87 072 порт


11 655

Ақылы TV қосу нүктелерінің саны – 11 655 абонент



Қызметтің
негізгі
индикаторлары

Қаржылық
көрсеткіштер

Тиімділік
көрсеткіштері

Өндірістік
көрсеткіштер

Активтер туралы
мәліметтер


2021 жылдың
негізгі
оқиғалары

Қ а ң т а р

  • Қызылорда қаласында GPON технологиясы бойынша бірінші өңірлік IT-парк жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді.
  • Шымкент қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында Интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

А қ п а н

  • «Транстелеком» «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында астанадан Қосшы ауылына дейін ұзындығы 25 шақырым болатын кең жолақты оптикалық магистраль өткізді. Бұл учаскедегі инвестиция көлемі 228 миллион теңгені құрады.
  • «Транстелеком» АҚ «Digital forum 2021» қатысты. Сессияны Қазақстан Президенті Қасым-ЖоНаурыз Тоқаев ашты.
  • 2021 жылғы 5 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы өтті. «Транстелеком» жалпы өткізу қабілеті 320 Мбит/с Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсына отырып, оператор болды.
  • «Unit Telecom» ЖШС «Транстелеком» АҚ-ның бір акциясын алып тастағанда акциялар пакетінің 75%-ының ресми иесі болды.

Н а у р ы з

  • «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Р. Адайбеков жапондық компанияның цифрлық технологиялар саласындағы инвестициялық жобаларын іске асыруды талқылау үшін Japan DX компаниясының атқарушы төрағасы Соджи Сузукимен кездесу өткізді.

С ә у і р

  • Алматы қаласында метроның 9 станциясында «Транстелеком» АҚ-дан WI-FI-ға қолжетімділік пайда болды. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
  • «Транстелеком» АҚ басшылығы One Web компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар 2022 жылдың мамырына қарай Қазақстанның барлық өңірлерін сапалы интернетпен қамту мақсатында іскерлік ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылады.
  • ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орал қаласындағы Қоғамның ДӨО-да болды.

М а м ы р

  • Қоғам қызметкерлері еріктілермен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.
  • Қосшы кентінде «Транстелеком» АҚ интернет желісіне қосу бойынша халықпен есептік кездесу өтті.

М а у с ы м

  • Балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Балалар болып қала береміз» науқаны өтті. Ұйымдастырушы «Транстелеком» АҚ болды.
  • «Транстелеком» АҚ Президенттік жастар кадрлық резерві форумының ұйымдық серіктесі болды.

Ш і л д е

  • Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ақтау қаласындағы «Транстелеком» АҚ ДӨО-да болды.

Т а м ы з

  • Байқоңыр ғарыш айлағынан 34 OneWeb спутнигі бар зымыран ұшырылды. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға арналған интернет-арнаны Қоғам ұсынды.
  • «Транстелеком» АҚ республика астанасында жеке тұлғалар үшін жаңа кеңсе ашты.

Қ ы р к ү й е к

  • «Транстелеком» АҚ компаниясы мен «Murou System» (Жапония) компаниясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар цифрлық трансформация тәжірибесін талқылап, өз жобалары туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.

Қ а з а н

  • «Транстелеком» TransCaspian Fiber Optic (TCFO) шеңберінде Өзбекстан мен Қырғызстан операторларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
  • «Транстелеком» АҚ және Сулейман Демирель атындағы университет SDU Open бағдарламалау бойынша студенттік чемпионатын (ICPC) өткізді.
  • «Транстелеком» АҚ Digital Bridge халықаралық форумы алаңында Astana Hub және әлемдегі ең ірі Plug and Play акселераторы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
  • Үздік материалға байқау аясында журналистер үшін ДӨО экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара «Транстелеком» АҚ-ның туған күніне орайластырылды.

Қ а р а ш а

  • «Транстелеком» АҚ және Логистика және көлік академиясы теміржол көлігінде цифрландыру саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге ниет білдірді.

Ж е л т о қ с а н

  • «Транстелеком» АҚ және Türk Telekom International компаниясы TransCaspian Fiber Optic жобасы шеңберінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бірлескен күш-жігермен телекоммуникациялық дәлізді дамытуды жоспарлап отыр.

34


Байқоңыр ғарыш айлағынан 34 OneWeb спутнигі бар зымыран ұшырылды.



Қысқаша
шолу

Компанияның профилі

«Транстелеком» акционерлік қоғамы («Транстелеком» АҚ, Қоғам) IT, байланыс, автоматика және энергетика саласында телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграциялауға маманданған Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі болып табылады.

«Транстелеком» АҚ қайта тіркеуге дейін «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамы» деп аталған, бұрын – «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 1998 жылғы 16 маусымдағы № 426 – Ц «Сигнализация және байланыс шаруашылығын басқару жүйесін оңтайландыру туралы» бұйрығына сәйкес құрылған, кейіннен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 135 бұйрығымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 тамыздағы № 1101 қаулысының негізінде «Транстелеком» ашық акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды.

Қоғам «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Транстелеком» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының барлық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагері болып табылады. «Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес теңгерімі, банктік шоттары бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып ала алады және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқара алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Компанияның қызметі «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 13 шешімімен бекітілген Жарғының шеңберінде жүзеге асырылады, ол оның ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындайды.

«Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:

  • коммерциялық қызметтен пайда алу және оны акционерлердің мүддесіне пайдалану;
  • Қазақстан Республикасының аумағында заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді құру және оларды ІТ-технологиялардың әлемдік желісіне интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі тұтынушыларға озық технологиялардың әртүрлі түрлерін ұсыну.

Компанияның бірінші кезектегі міндеті желілерді дамыту және жаңғырту арқылы Қазақстан аумағында байланыс және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру болып қала береді.

«Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде қызметін жүзеге асырады және телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрін, оның ішінде халықаралық, қалааралық, жергілікті телефония қызметтерін және интернет желісіне, сондай-ақ магистральдық байланыс арналарына қолжетімділікті ұсынуға маманданған.

«Транстелеком» АҚ транзиттік әлеуетті дамытуға және Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағындарды ұлғайтуға ұмтылады, өйткені Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікмен Республикасының халықаралық операторларымен (іске асыру сатысында) байланысты қамтамасыз ете отырып, магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілері бар.

«Транстелеком» АҚ 14 филиалдан тұратын сервис желісі, 9 дата-орталықтан тұратын меншікті желісі, сондай-ақ еліміздің бүкіл аумағындағы байланыс орталықтары бар.

Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05H9A7, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 10-үй.

Акционерлік капиталдың
құрылымы және бағалы
қағаздар

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Транстелеком» АҚ жекешелендіруге және бәсекелес ортаға иеліктен шығаруға жататын компаниялар тізіміне енді.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның акционерлері: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – иелену үлесі 25% плюс 1 акция, «Unit Telecom» ЖШС – иелену үлесі 75% минус 1 акция.

Акцияларды шығару және орналастыру туралы толық тарихи анықтама 2017 жылғы жылдық есепте «Акционерлік капиталдың құрылымы» бөлімінде көрсетілген.

«Қазақстан
темір жолы»
ұк» АҚ

25

%+1

«Unit Telecom» ЖШС

75

%-1

Жарияланған жай акциялардың саны, дана 6 471 089
Орналастырылған акциялардың саны, дана 5 638 097
Орналастырылмағандардың саны, дана 832 992
Бір акцияның номиналды құны, тг. 1 000
Акцияларды орналастырудан тартылған ақша қаражатының сомасы, тг. 12 241 487 000
Артықшылықты акциялар қарастырылмаған

Қосымша
төленген капитал

2020 жылы Компания қосымша төленген капиталдан бөлінбеген пайдаға 2011 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан алынған пайызсыз қарыздың номиналды және әділ құны арасындағы 244 190 мың теңге мөлшеріндегі айырманы аударды.

Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 22 шілдедегі шешімімен (№7/2019 хаттама) ішкі нарықта 22 млрд теңгеден аспайтын сомаға облигацияларды шығару туралы шешім қабылданды.

2020 жылғы 10 қаңтарда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жылдық 11,5% купондық мөлшерлемемен 10 000 000 мың теңге мөлшерінде Қазақстан қор биржасында шығарылған Компанияның облигацияларын сатып алды. Облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес шығарылған облигациялардың айналым мерзімі – 12 жыл.

2021 жылғы 19 қарашада Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 қазандағы шешіміне (№ 8/2021 хаттама) сәйкес 7 жыл мерзімге жылдық 13,0% купондық мөлшерлемемен 15 000 000 мың теңге мөлшерінде облигациялар орналастырылды.

«Транстелеком» АҚ ұзақ мерзімді құнның өсуін және қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ету арқылы акционерлердің мүдделерін сақтауға ұмтылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының 2016 жылғы 04 тамыздағы шешімімен Дивидендтік саясат бекітілді (№1 хаттама).

Қоғамның дивидендтік саясатының мақсаты Қоғам мен Акционерлер мүдделерінің теңгерімін, дивидендтердің мөлшерін, оларды төлеу шарттары мен тәртібін айқындау кезіндегі тәсілдің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылы дивидендтер жарияланбады және төленбеді.