© 2021 «Транстелеком» Акционерлік Қоғамы.
2021 жылдың
негізгі
оқиғалары
Қ а ң т а р
- Қызылорда қаласында GPON технологиясы бойынша бірінші өңірлік IT-парк жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді.
- Шымкент қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында Интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылды.
А қ п а н
- «Транстелеком» «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында астанадан Қосшы ауылына дейін ұзындығы 25 шақырым болатын кең жолақты оптикалық магистраль өткізді. Бұл учаскедегі инвестиция көлемі 228 миллион теңгені құрады.
- «Транстелеком» АҚ «Digital forum 2021» қатысты. Сессияны Қазақстан Президенті Қасым-ЖоНаурыз Тоқаев ашты.
- 2021 жылғы 5 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы өтті. «Транстелеком» жалпы өткізу қабілеті 320 Мбит/с Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсына отырып, оператор болды.
- «Unit Telecom» ЖШС «Транстелеком» АҚ-ның бір акциясын алып тастағанда акциялар пакетінің 75%-ының ресми иесі болды.
Н а у р ы з
- «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Р. Адайбеков жапондық компанияның цифрлық технологиялар саласындағы инвестициялық жобаларын іске асыруды талқылау үшін Japan DX компаниясының атқарушы төрағасы Соджи Сузукимен кездесу өткізді.
С ә у і р
- Алматы қаласында метроның 9 станциясында «Транстелеком» АҚ-дан WI-FI-ға қолжетімділік пайда болды. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
- «Транстелеком» АҚ басшылығы One Web компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар 2022 жылдың мамырына қарай Қазақстанның барлық өңірлерін сапалы интернетпен қамту мақсатында іскерлік ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылады.
- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орал қаласындағы Қоғамның ДӨО-да болды.
М а м ы р
- Қоғам қызметкерлері еріктілермен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.
- Қосшы кентінде «Транстелеком» АҚ интернет желісіне қосу бойынша халықпен есептік кездесу өтті.
М а у с ы м
- Балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Балалар болып қала береміз» науқаны өтті. Ұйымдастырушы «Транстелеком» АҚ болды.
- «Транстелеком» АҚ Президенттік жастар кадрлық резерві форумының ұйымдық серіктесі болды.
Ш і л д е
- Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ақтау қаласындағы «Транстелеком» АҚ ДӨО-да болды.
Т а м ы з
- Байқоңыр ғарыш айлағынан 34 OneWeb спутнигі бар зымыран ұшырылды. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға арналған интернет-арнаны Қоғам ұсынды.
- «Транстелеком» АҚ республика астанасында жеке тұлғалар үшін жаңа кеңсе ашты.
Қ ы р к ү й е к
- «Транстелеком» АҚ компаниясы мен «Murou System» (Жапония) компаниясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар цифрлық трансформация тәжірибесін талқылап, өз жобалары туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.
Қ а з а н
- «Транстелеком» TransCaspian Fiber Optic (TCFO) шеңберінде Өзбекстан мен Қырғызстан операторларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
- «Транстелеком» АҚ және Сулейман Демирель атындағы университет SDU Open бағдарламалау бойынша студенттік чемпионатын (ICPC) өткізді.
- «Транстелеком» АҚ Digital Bridge халықаралық форумы алаңында Astana Hub және әлемдегі ең ірі Plug and Play акселераторы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Үздік материалға байқау аясында журналистер үшін ДӨО экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара «Транстелеком» АҚ-ның туған күніне орайластырылды.
Қ а р а ш а
- «Транстелеком» АҚ және Логистика және көлік академиясы теміржол көлігінде цифрландыру саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге ниет білдірді.
Ж е л т о қ с а н
- «Транстелеком» АҚ және Türk Telekom International компаниясы TransCaspian Fiber Optic жобасы шеңберінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бірлескен күш-жігермен телекоммуникациялық дәлізді дамытуды жоспарлап отыр.
34
Байқоңыр ғарыш айлағынан 34 OneWeb спутнигі бар зымыран ұшырылды.