2021

Жылдық есеп
«Транстелеком» АҚ
2021 ///

05

«Транстелеком» АҚ өз қызметіне тұрақты
даму қағидаттарын біріктіре отырып, Тұрақты
дамудың 17 мақсатын ұстанады.


 
Тұ
рақты
даму


Тұрақты даму

«Транстелеком» АҚ-ның Тұрақты даму саласындағы қызметі бизнесті жауапты жүргізу қағидатына және экономикалық өсу, экологиялық және әлеуметтік әл-ауқат үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық әлеуетке негізделеді.

  Жылдық есеп / Транстелеком / 2021

Тұрақты
даму
қағидаттары

«Транстелеком» АҚ өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын біріктіре отырып, Тұрақты дамудың 17 мақсатын ұстанады. «Транстелеком» АҚ ТДМ әрқайсысы көрсететін экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді.

«Транстелеком» АҚ-ның Тұрақты даму саласындағы қызметі бизнесті жауапты жүргізу қағидатына және экономикалық өсу, экологиялық және әлеуметтік қолайлылық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық әлеуетке негізделеді.

Қоғам өзі қатысатын жерлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инновациялық технологиялардың, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларының көмегімен өз қызметтерінің сапасын арттыруға, қызметтің ашықтығына, экологиялық мәселелерге теріс әсерді азайтуға зейін қояды.

Қоғам келесі
принциптердің орындалуын
өз мойнына алды::
  1. адам құқықтарын сақтау саласында: халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарын сақтауды қолдау және құрметтеу, адам құқықтарын бұзуға өзінің қатыспауын қамтамасыз ету;
  2. еңбек қатынастары саласында: қауымдастықтар бостандығын қолдау және ұжымдық шарттар жасасу құқығын іс жүзінде тану, мәжбүрлі еңбектің барлық нысандарын жоюды қолдау, балалар еңбегін толық жоюды қолдау, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдау;
  3. қоршаған ортаны қорғау саласында: қоршаған ортаға теріс әсерлердің алдын алуға ықпал ету, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдау, экологиялық таза технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесу;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында: /бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұру.

Мүдделі
тараптармен
өзара іс-қимыл

Мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, «Транстелеком» АҚ өз қызметінің ашықтығы мен айқындығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Қоғам мүдделі тараптардың сұраулары мен тілектеріне жауап бере отырып, өз қызметінің барлық аспектілері бойынша маңызды ақпаратты уақтылы ұсына отырып, барлық мүдделі тараптармен белсенді қарым-қатынас жасайды.


3 350


«Транстелеком» АҚ 3 350-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.



Стейкхолдерлер
картасы

Стейкхолдерлер картасында Қоғамның қандай да бір стейкхолдерге әсер етуінің үш концентрлік саласы ерекшеленеді:

+ + + Өкілеттік/жауапкершілік саласы

Осы салада Қоғамның тікелей бағынысындағы мүдделі тұлғалар анықталды.

+ + Тікелей әсер ету аймағы

Бұл аймақта Қоғам тікелей әсер ететін мүдделі тұлғалар бар.

+ Жанама әсер ету аймағы

Бұл аймаққа Қоғам жанама әсер ететін стейкхолдерлер кіреді.

Өзара әрекеттесу тәсілі
келесі принциптерге негізделген:

  • тұрақты сындарлы диалог;
  • серіктестік;
  • өзара тиімді ынтымақтастық;
  • сенімділік пен шынайылық;
  • жариялылық және ашықтық;
  • өзіне алған міндеттемелерді орындау.

Қоғамның негізгі мүдделі тараптары – акционерлер, кәсіподақтар, тұтынушылар, жеткізушілер, қызметкерлер, мемлекеттік органдар, БАҚ және жергілікті қоғамдастықтар.


Персонал

«Транстелеком» АҚ-да 2020 жылғы 30 желтоқанда 2021-2023 жылдарға арналған HR стратегиясы бекітілді. HR стратегиясында Қоғамның миссиясы мен пайымын іске асыру үшін қажетті персоналды дамытудың негізгі бағыттары айқындалған – 2023 жылы жеке және мемлекеттік секторларда ірі кешенді жобаларды іске асыратын және жеке тұлғалар мен ұйымдарға қызметтердің кең спектрін көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең спектрінің әртараптандырылған операторы болу.

Корпоративтік
университетті
дамыту

«TTC GREEn University» корпоративтік университеті (бұдан әрі – КУ) ішкі оқыту жүйесі ретінде Қоғамның миссиясы мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес қызметкерлерді оқыту мен дамытуға бағытталған және басшылардан бастап мамандарға дейінгі барлық деңгейлерді қамтиды.

КУ негізгі басымдықтары: Қоғамда білім мен дағдыларды жинақтау, сақтау және беру үшін оқыту инфрақұрылымын қалыптастыру; жаттықтырушылар институтын дамыту және таланттарды барынша ашу; басқарушылық, кәсіби (hard skills), «жұмсақ» (soft skill) дағдылармен оқытудың кешенді жүйесін құру болып айқындалды. Бұл бағыт қашықтықтан оқыту жүйесін дамытуды, ішкі жаттықтырушыларды дамытуды және кешенді бағдарламаларды әзірлеуді қамтиды.

Негізгі
қызметкерлерді
ұстап қалу

Қоғамдағы негізгі қызметкерлерді ұстап қалу стратегиясы еңбекті ұйымдастырудағы мерзімді қиындықтарға және болашақта басқа жұмыстың ықтимал тиімді ұсыныстарына қарамастан, қызметкерлерді штаттағы одан әрі жұмыс істеуге қызықтыруға бағытталған. Қызметкердің оң көзқарасы мен уәжін сақтау қоғамның жетістігі үшін өте маңызды. Қызметкерлерді ұстап қалу бағдарламасын іске асыру – бұл жұмысшылардың жұмыспен қамтылуын және өнімділікті арттыру үшін теңгерімді еңбек режимін қамтамасыз етудің тиімді әдісі. Негізгі қызметкерлерді ұстап қалу стратегиясын іске асыру шеңберінде мынадай міндеттер шешіледі: ауыспалы сыйақы жүйесін әзірлеу, қызметкерлердің адалдығы бағдарламаларын әзірлеу, таланттар пулын дамыту.

Құзырет
орталықтарын
дамыту

Қоғамның Даму стратегиясына сәйкес, Қоғамның сәтті қозғалысын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі аралас бизнес-модельге көшу болып табылады, онда Қоғам қолданатын жобалық бизнес-модель жеке және бизнес-клиенттің жаппай тұтынушысына бағытталған өнім бизнес-моделімен толықтырылады.

Осыған байланысты мынадай саладағы құзырет орталықтарын дамыту қажет: өнімдерді әзірлеу, деректерді өңдеу орталықтары, сәулет.

HR-стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  1. Қоғамның адами капиталының сапасын дамытатын және арттыратын HR-стратегиясының стратегиялық бағытталған моделін құру.
  2. Қызметкерлер үшін білімнің, дағдылар мен құзыреттердің катализаторы ретінде дамыған оқыту инфрақұрылымы және жаттықтырушылар қауымдастығы бар корпоративтік университет.
  3. Бизнестің қорытынды нәтижелеріне әсер ететін жиынтық сыйақының қалыптасқан жүйесі.
  4. Басым бағыттар саласындағы дамыған құзыреттілік орталықтары: өнімдерді әзірлеу, деректерді өңдеу орталықтары, сәулет.

Жұмыс
орнындағы
қауіпсіздік

Денсаулықты сақтау

Денсаулық үшін қауіптердің, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың алдын алу – бұл біздің компаниямыздың тұрақты стратегиясының негізгі элементі және біздің бизнес-процестеріміздің ажырамас бөлігі. Еңбекті қорғау және техникалық тәуекелдерді табысты басқару біздің қызметкерлеріміз бен активтерімізді қорғауда маңызды рөл атқарады, сол арқылы компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. «Транстелеком» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сөзсіз басымдықтары өндірістік объектілердің апатсыз жұмыс режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің еңбек қызметі қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруларды азайту болып табылады.

2021 жылы Қоғамда 2020 жылдағыдай өндірістік жарақаттанудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

ҚР заңнамасына сәйкес Қоғамда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері (ОА-да да, әрбір өңірлік филиалда да) құрылып, табысты жұмыс істеуде. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің атқаратын негізгі функциялары:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау;
  • тәуекелдер мен қауіптерді сәйкестендіру;
  • өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау персоналын оқыту.

«Транстелеком» АҚ
2021 жылға арналған
кешенді жоспарын
орындау


Жоспарланған

  • 195 іс-шара
  • 190 мың теңге

орындалды
100%


Қызметкерлер құрамы

Гендерлік және жас топтары бойынша персоналдың құрылымы

Қызметкерлер санаты Барлығы оның ішінде:
ерлер әйелдер
адам % адам % адам %
Тізімдік саны 3 728 100 2 262 60,7 1 466 39,3
Басшылар 419 11,2 309 73,7 110 26,3
Мамандар/қызметшілер 2 634 70,7 1 752 66,5 882 33,5
Жұмысшылар 675 18,1 201 29,8 474 70,2
Қызметкерлер санаты Барлығы оның ішінде:
25 жасқа дейін 25-34 жас 35-44 жас 45-54 жас 55 жастан жоғары
чел. % адам % адам % адам % адам % адам %
Қызметкерлер санаты 3 728 100 389 10,4 1483 39,8 911 24,4 578 15,5 367 9,8
Басшылар 419 11,2 3 0,7 149 35,6 151 36,0 83 19,8 33 7,9
Мамандар/қызметшілер 2 634 70,7 358 13,6 1194 45,3 611 23,2 301 11,4 170 6,5
Жұмысшылар 675 18,1 28 4,1 140 20,7 149 22,1 194 28,7 164 24,3

Гендерлік және жас топтары бойынша қабылданғандардың саны

Қызметкерлер санаты Қабылданды оның ішінде:
ерлер әйелдер
адам % адам % адам %
Тізімдік саны 1 015 27,2 727 71,6 288 28,4
Басшылар 45 10,7 32 71,1 13 28,9
Мамандар/қызметшілер 825 31,3 614 74,4 211 25,6
Жұмысшылар 145 21,5 81 55,9 64 44,1
Қызметкерлер санаты Қабылданды оның ішінде:
25 жасқа дейін 25 – 34 жас 35 – 44 жас 45 – 54 жас 55 жастан жоғары
чел. % адам % адам % адам % адам % адам %
Тізімдік саны 1 015 100 217 21,4 445 43,8 272 26,8 59 5,8 22 1 015
Басшылар 45 4,4 0,0 12 26,7 26 57,8 6 13,3 1 45
Мамандар/қызметшілер 825 81,3 199 24,1 379 45,9 206 25,0 31 3,8 10 825
Жұмысшылар 145 14,3 18 12,4 54 37,2 40 27,6 22 15,2 11 145

Численность за 2021 год
по возрастам

Нәтижелілікті бағалау

Қызметкерлер санаты Тізімдік саны оның ішінде: оның ішінде нәтижелілік бағалауынан өткендері:
ерлер әйелдер ерлер әйелдер
адам адам адам % адам %
Тізімдік саны 3 728 2 262 1 466 38 1,7 2 0,1
Басшылар 419 309 110 38 12,3 2 1,8
Мамандар/қызметшілер 2 634 1 752 882 0,0 0,0
Жұмысшылар 675 201 474 0,0 0,0

2021 жылы әйелдер сыйақысының ерлер сыйақысына қатынасы

Қызметкерлер санаты Базалық мөлшерлеме, % оның ішінде: Сыйақы, % оның ішінде:
ерлер, % әйелдер, % ерлер, % әйелдер, %
Басшылар 25,7 72,6 25,7 100,0 100,0  0
Мамандар/қызметшілер 66,0 81,9 66,0
Жұмысшылар 8,3 72,4 8,3

Қызметкерлерді оқыту

Тұрақты даму және нарықта көшбасшы орынға ие болу қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіпқойлығына тікелей байланысты. Қызметкерлердің кәсібилігі мен Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қоғам мамандарын сертификаттауға ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы жобалық басқару, экономика, қаржы және маркетинг, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы, желілік жабдықтар, маршруттау және виртуализация саласында 40 маман сертификатталды. Қоғамның сертификатталған мамандарының жалпы саны 0,6%-ға өсті.

Компанияның бір қызметкеріне (еркек, әйел) есепті жылы өткен оқу сағаттарының орташа саны

Жалпы сағат саны Адам саны 1 адамға орташа сағат саны
Барлығы
64 333 3 500 18,38
еркек
43 651 2 262 19,3
әйел
20 682 1 238 16,7

TTC GREEn
University корпоративтік
университеті

2021 жылы TTC GREEn University КУ ішкі жаттықтырушыларының 3-легін шығардық. Біздің 3-лектің ішкі жаттықтырушылары «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» 6-модульдік бағдарламасын аяқтап, өздерінің ішкі курстарын сәтті қорғады.

90%

ішкі оқытуға көңілдері толған


69%

филиал қызметкерлерін қамту


1 015

Оқытылған қызметкерлерді 1 015 қамту


11

Ішкі оқыту курстары


25

Ішкі жаттықтырушы


3

өнім бойынша тренингтер


2

мастер-класс


Әлеуметтік
саясат

«Транстелеком» АҚ әлеуметтік саясаты ынталандыру құралы ретінде қызметкерлердің қанағаттанушылығына тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде Қоғам қызметінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Ол Қоғам қызметкерлерінің өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға (қызметкерлер, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар және т.б.) көмек көрсетуге және қолдау көрсетуге, персоналдың қанағаттану көрсеткіштерін арттыруға бағытталған.


Ерікті медициналық
сақтандыру

Жыл сайын Қоғам қызметкерлері ауырған жағдайда ерікті сақтандыру қызметтерін пайдаланады. 2021 жылы компания «Халық» СК АҚ-мен шарт жасасты. Жыл бойы 6 105 адам сақтандыру қызметтерін пайдаланды, оның ішінде 2 777 қызметкер және 3 328 отбасы мүшелері. Сақтандыру сыйлықақысының сомасы 332 768 мың теңгені құрады.


ҚР ЖОО-мен
өзара әрекеттесу.

«Транстелеком» АҚ-да тәжірибе және тағылымдама.

Тәжірибе TTC бірлескен кәсіпорнында өттіs:

  • Сәулет және дизайн
  • B2B, B2C, ЖЖ, АТҚ, ЖК, МЖАУ, АТС секторларында және басқаларда IT МЖАУ, СЖБ, БҚБ, АҚБО SOC дамыту және енгізу

2021 жылға:

  • Сулейман Демирел университеті, Astana IT University, Тұран-Астана және аймақтар

20

жасалған меморандумдар, оның ішінде 2021 жылы 7 келісімшарт


176

Студенттер тәжірибеден өтті


28

Орталық аппарат және аймақтарда орналастырылған


Компанияға перспективалы және талантты жастарды тарту мақсатында ҚР оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта компания Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы білім беру мекемелерімен, оның ішінде аймақтық орталықтар – 20-дан астам оқу орнымен ынтымақтасады.

Қоғамда ҚР ЖОО-мен ынтымақтастық туралы 20-дан астам меморандум жасалды, оның 7-і 2021 жылы жасалды (Республикалық маңызы бар – 3, өңірлік ЖОО-лар – 4). Бұл ретте Транстелеком өзінің әріптес жоғары оқу орындарының тізімін келесі ҚР университеттерімен кеңейтті: «Сүлейман Демирель атындағы Университет» мекемесі, «Astana IT University» ЖШС, «Тұран-Астана» Университеті.

2021 жылы компанияның құрылымдық бөлімшелерінде 176 студент тәжірибеден және тағылымдамадан өтті, олардың 28-і жұмысқа орналастырылды. 15 студент Астанатранстелеком филиалына жұмысқа орналасты.

Практика мен тағылымдамадан өтудің мақсаты білім алушыларда кәсіби қызметте іскерлік пен практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Өткен жылы «Транстелеком» АҚ келесі жоғары оқу орындарының 5 бос орындар жәрмеңкесіне қатысты: Назарбаев Университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Astana IT University (мансап апталары); Орталық Азия университеті (mock interviews/Computer Science); ҚМЭБИ (Job Fair жәрмеңкесі). Мұндай кездесулер – түлектер мен студенттер үшін компанияның қызметі туралы толығырақ білуге, «Транстелеком» АҚ миссиясы мен пайымымен танысуға, HR-менеджермен әңгімелесуден өтуге, бос жұмыс орындары мен оларға қойылатын талаптар туралы білуге, Қоғамда тәжірибеден/тағылымдамадан өтуге тамаша мүмкіндік.

Жаңа техникалық кадрларды даярлау мақсатында компанияда дуалды оқытуды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде – «Транстелеком» АҚ-ға жұмысқа орналасу үшін жас мамандарды (студенттерді) тарту.

«Транстелеком» АҚ Атырау қаласындағы филиалы «Атыраутранстелеком» «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-мен келісім шартқа отырды.

Дуальді Білім – болашағынан үміт күттіретін, талантты жастарға оның қыр-сырын тәжірибе жүзінде зерттей отырып, болашақ мамандығына бой көтеруге мүмкіндік береді. ТТС Қазақстанның барлық ірі қалаларының, соның ішінде облыс орталықтарының оқу орындарымен белсенді жұмыс жүргізеді.

TTC 20-дан астам оқу орындарымен ынтымақтасып, дуальды білім беру бағдарламасын кеңейтуде.

Дуальды білім беру перспективалы жастарға оның нюанстарын іс жүзінде зерттей отырып, болашақ мамандыққа енуге мүмкіндік береді. Мысалы, Атыраутранстелеком филиалы мен «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ арасында кадрларды даярлаудың дуальді жүйесін енгізу бойынша жоғары (бакалавриат) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Осы Келісім шеңберінде конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша филиал жыл сайын ақпараттық технологиялар факультетінің 20-ға жуық студенттерін практикаға қабылдауды жоспарлап отыр. Магистранттарға арналған осындай келісім «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-мен де қолданылады.


Қоршаған
ортаны
қорғау

Экологиялық бастамалар
және қоршаған ортаны
қорғауға көзқарас

Қоғамның табиғат қорғау қызметі ҚР Экологиялық кодексіне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғам өз қызметімен қоршаған ортаға тікелей елеулі зиян келтірмейді және экология тұрғысынан әлеуетті қауіпті салаларда бизнес жүргізбейді. Дегенмен, Қазақстанның барлық аумағында жұмыс істейтін телекоммуникация және IT-технологиялар нарығындағы жетекші ойыншы ретінде Қоғам үшін қызметтің энергия тиімділігін арттыру, ресурс үнемдеу, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі міндеттер өзекті екенін түсінеміз.

2021 жылы Қоғам қоршаған ортаны қорғау саласында ISO 14001 стандартының талаптарына сәйкестігіне инспекциялық аудиттен өтті.

2021 жылы ДӨО инфрақұрылымын сервис ретінде ұсыну үшін «Транстелеком» АҚ инфрақұрылымын дамыту» жобалары шеңберінде ҚОӘБ жобалары әзірленді:

  1. Деректер орталығы бар кеңсе ғимараттары үшін сыртқы алаңнан тыс инженерлік желілерді салу».
  2. Қоғамның филиалдарында әзірленген ШРШ нормативтерінің жобасы.
  3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар, атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері, 2021 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу жөніндегі декларациялар.

02.01.2021 жылғы Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қоғамның филиалдары қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті органдарына тиісті объектілерді I, II, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында өтініштер берді. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау бойынша қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті органы берген шешімдерге сәйкес «Транстелеком» АҚ инфрақұрылымын дамыту сервис ретінде ДӨО инфрақұрылымын ұсыну үшін» жобасының шеңберінде объектінің IV санаты айқындалды.

2020-2021 жылдар кезеңінде нұсқамалық бақылаушы органдардан ескертулер түскен жоқ.

2021 жылы экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін салынған айыппұл санкциялары мен басқа да қаржылық емес санкциялар жоқ.

Энергетикалық
ресурстарды пайдалану
және энергия үнемдеу

Ескіргендердің орнына жаңа технологияларды енгізе отырып, Қоғам ресурс үнемдейтін және экологиялық технологияларды артық көреді. Қоғам энергетикалық талдау жүргізді. 2022-2021 жылдардағы базалық кезеңде энергетикалық ресурстарды пайдалану мен тұтынуды талдаудан энергияны елеулі тұтыну салалары айқындалды: электр энергиясы, жылу энергиясы, отын. Сонымен қатар бұл энергия түрлері энергетикалық нәтижелілікті жақсарту үшін әлеуетін ұсынады.

Энергетикалық тиімділіктің негізгі индикаторлары (энергетикалық нәтижелілік көрсеткіші) мынадай көрсеткіштер қабылданды: ТОБЖ және ТТСиСН жабдықтары үшін электр энергиясын тұтыну, жылу энергиясын тұтыну, ТОБЖ және ТТСиСН қызмет көрсету кезінде автокөлікпен бензин шығындары, ТОБЖ және ТТСиСН қызмет көрсету кезінде автокөлікпен дизель отынының шығындары.

2021 жылы «Транстелеком» АҚ бойынша ОЭР нақты тұтынуы

Электр энергиясы Жылу энергиясы Бензин Дизель отыны
Электр энергиясының нақты шығыны (кВт·сағ) Жылу энергиясының нақты шығыны (Гкал) Автокөлік (жеңіл, жүк және өнеркәсіптік) үшін ЖЖМ шығыстары (л) Автокөлік (жеңіл, жүк және өнеркәсіптік) үшін ЖЖМ шығыстары (л)
ТОБЖ 5 972 821,41 569,4779 414 480,728 88 998,59
ТТС және СН 8 952 315,53 3 881,6207 388 257,587 25 552,36
14 925 136,94 4 451,0986 802 738,315 114 550,95

«Транстелеком» АҚ бойынша 2021 жылғы энергетикалық тиімділік индикаторлары

Индикаторлар 01.
2021
02.
2021
03.
2021
04.
2021
05.
2021
06.
2021
07.
2021
08.
2021
09.
2021
10.
2021
11.
2021
12.
2021
Орта
W ТОБЖ 40,15 39,65 36,53 36,05 36,51 39,21 38,6 40,75 37,66 33,67 35,13 36,68 37,55
W ТТСиСН 28,19 24,58 22,6 21,83 24,83 27,68 28,06 26,75 26,49 27,51 28,7 25,02 26,02
Q ж. э. 0,04 0,04 0,03 0,02 0 0 0 0 0 0,02 0,03 0,03 0,02
V авто бенз. 4,96 5,6 4,68 4,98 5,15 5,68 4,86 4,76 5,22 4,89 5,59 5,39 5,15
V авто диз. 0,67 0,38 0,84 0,91 0,78 0,76 0,76 0,76 0,76 0,86 0,61 0,56 0,72

2020-2021 жылдардағы
энергетикалық тиімділік
мониторингі

ОЕР түрлері Өлш.бірл. 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл айырмашылық (+/-) 2020/2021 жж. ауытқу (%) 2020/2021 жж.
Электр энергиясы кВт·ч 12 570 220 12 729 196 14 925 137 2 195 941 17,25
Жылу энергиясы Гкал 4 428 4 360 4 451 91 2,08
Дизель отыны тонн 130 523 106 081 114 551 8470 7,98
Бензин тонн 852 520 860 617 802 738 -57 879 -7,21

Келесі үш жыл ішінде энергетикалық тиімділікті жақсарту әлеуеті энергияны базалық тұтынудың 3%-ынан аспайды.

Болашақта электр энергиясын тұтыну жаңа жобаларды іске асыруға, меншікке сатып алуға және жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге байланысты ұлғаятын болады.

Атмосфераға
шығарындылар және
климаттың өзгеруі

Телекоммуникация саласы басқа салалармен салыстырғанда қоршаған ортаға шамалы әсер етеді. Алайда, жаһандық және жергілікті экологиялық проблемалардың өсіп келе жатқан маңыздылығына байланысты «Транстелеком» АҚ өзінің алдына қоршаған ортаға тікелей және жанама әсерді барынша азайту арқылы өз қызметінен залалды өтеу үшін шараларды іске асыруды мақсат етіп қояды.

Экологиялық аспектіні басқару үшін компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылған, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Қоғам ISO 14001 халықаралық стандартына сәйкестікке сертификатталған және ЭМС-ті тұрақты жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Өндірістік қызмет шеңберінде Қоғамның барлық кәсіпорындары тиісті рұқсаттар алады, сондай-ақ жыл сайынғы негізде қадағалау органдарына статистикалық ақпарат ұсынылады.

2021 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы саны 914,997 тоннаны құрады.

Газ тәрізді ластаушы заттардың шығарындылары 2021 жылғы филиалдар бөлінісінде

Филиалдар Нақты көлемі, тонна Қоршаған ортаға эмиссия үшін сома, теңге
1 ОА 21,944 255 472,19 -52%
2 Астана ТТК 28,16 60 114 -47%
3 Алматы ТТК 125,261 301 171,5 30%
4 Ақтөбе ТТК 130,651 346 411,69 60%
5 Ақтау ТТК 64,317 179 870 72%
6 Атырау ТТК 57,469 405 489,59 99%
7 Жамбыл ТТК 70,164 166 832 24%
8 Қарағанды ТТК 102,085 296 217 6%
9 Қостанай ТТК 27,57 56 068,83 -22%
10 Көкшетау ТТК 68,011 140 003 16%
11 Қызылорда ТТК 42,662 151 251,59 25%
12 Өскемен ТТК 31,811 61 790 -13%
13 Павлодар ТТК 44,302 86 752 1%
14 Семей ТТК 39,5 76 537 -5%
15 Шымкент ТТК 61,09 121 488,95 38%
Жиыны 914,997 2 705 469,34
Заттардың атауы Тонна/жыл
1 Күкірт диоксиді 0,87
2 Уайт-спирит 0,36
3 Көміртек 0,33
4 Құрамында %-бен кремнийдің қос тотығы бар бейорганикалық шаң: 20-дан кем (доломит, цемент өндірісінің G680 шаңы – әктас, бор, тұқыл, шикізат қоспасы, айналатын пештердің шаңы, боксит) 0,01
5 Құрамында кремнийдің қостотығы бар бейорганикалық шаң %-бен: 70-20 (шамот, цемент, цемент өндірісінің шаңы – саз, сазды тақтатас, домна қожы, құм, клинкер, күл, кремнезем, қазақстандық кен орындарының көмір күлі) 8,13
6 Қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары (қорғасынға қайта есептегенде) 0
7 Фторлы газ тәрізді қосылыстар (фторға қайта есептегенде): 0
8 Этан қышқылы 0
9 Этанол 0,05
10 Көміртек оксиді 5,53
11 Формальдегид 0,07
12 Нашар еритін бейорганикалық фторидтер (алюминий фториді, кальций фториді, натрий гексафторалюминаты) 0
13 Ағаш шаңы 0,31
14 Бензапирен 0,29
15 Бутанол 0,03
16 Бутилацетат 0,06
17 Азот (II) оксиді 2,01
18 Азот (IV) диоксиді 3,14
19 С12-19 алкандары (көміртекке қайта есептегенде) 1,88
20 Марганец және оның қосындылары (марганец (IV) оксидіне қайта есептегенде) 0
21 Метилбензол 0,03
22 Қалайы оксиді (қалайыға қайта есептегенде) 0
23 Өлшенген заттар 0
24 Темір (ІІ, ІІІ) оксидтері 0,28
25 Ксилол (о-, м-, п-изомерлерінің қоспасы) 0,08
26 Бензин (мұнай, аз күкіртті) (көміртекке қайта есептегенде) 0
27 Пропан-2-он 0,12
28 2-Этоксиэтанол 0,01
29 Дисурьма триоксиді (сурьмаға қайта есептегенде) 0
30 Диметилбензол (о-,м-, п – изомерлер қоспасы) 0,18
31 Хлорэтилен 0
32 Қалқымалы бөлшектер РМ10 (1) 0
33 Күкірт сутегі (дигидросусульфид) 0,44
34 Оксиран 0
35 Абразивті шаң 0
36 Хлорэтилен 0
37 sПроп-2-ен-1-аль (акролеин) 0,07
Барлығы 24,3

Қоғамның қызметі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне теріс әсер етпейді. Қоғамның мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің немесе қорықтардың аумақтарында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан объектілері жоқ.