© 2021 «Транстелеком» Акционерлік Қоғамы.
Жылдық есеп
«Транстелеком» АҚ
2021 ///
Өнімдер қызметтерінің портфелін
жақсарту үшін Қоғам В2С сегментін бөлу
туралы шешім қабылдады.
Жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша телекоммуникациялық қызметтер нарығында «Транстелеком» АҚ бөлшек бизнесінің позициясын нығайту мақсатында 2021 жылғы 11 маусымда Басқарма шешімімен В2С ұйымдық құрылымы бекітілді, оның ішінде В2С сегментінің сату бөлімдерінің жаңа құрылымы бекітілді.
| В2С | 98 270 |
| B2G/В2О/В2В/В2R | 4 514 |
Қоғам телекоммуникация және цифрлық шешімдер нарығындағы көшбасшылығын нығайта отырып, клиенттерге қызмет көрсету деңгейін көтеруге және клиенттердің әр санаты үшін цифрлық қызмет көрсетуді ұсынуға ұмтылады.
В2С сегментіндегі түсімнің өсуі
интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынудан түскен түсімнің өсуі
OTT қызметтерін ұсынудан түскен кірістің өсуі
2019
2020
2021
3% – жалпы түсімдегі үлес, 2020 жылға қарай ұлғаю – 29%
«Транстелеком» АҚ мемлекеттік бастамаларды іске асыру шеңберінде бизнес үшін заманауи цифрлық шешімдерді ұсына отырып, корпоративтік және мемлекеттік сегментте сервистердің цифрлық экожүйелерін құрады. Біздің әріптестігіміздің арқасында теміржол саласы жоспарлы түрде «цифрлық рельстерге» көшуде.
«Транстелеком» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі В2В секторындағы стратегиялық бизнес-бастамалары:
84% – жалпы түсімдегі үлес, 2020 жылға қарай өсім – 19%
«Транстелеком» АҚ көптеген жылдар бойы ішкі және халықаралық нарықтарда сапалы байланыс қызметтерін ұсыну бойынша белсенді қызмет жүргізіп келеді. Біздің серіктестер – бұл сапалы телекоммуникациялық қызметтер бизнес жүргізудің қажетті шарты болып табылатын ірі компаниялар.

Жыл қорытындысы бойынша корпоративтік және мемлекеттік сегменттегі түсімнің өсуі 73%-ды құрады, ең алдымен бұлтты сервистер мен дата-орталықтар қызметтерін, сондай-ақ жаңа цифрлық өнімдерді: ақпараттық қауіпсіздік сервистерін, ОТТ және бұлтты сервистерді жылжытудан түсетін түсімнің ұлғаюы есебінен.
Мемлекеттік сектордағы бизнестің негізгі бағыты – мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін telco және IT-қызметтерін ұсыну. 2021 жылы мемлекеттік сектордағы бизнесті дамыту блогы кірісті 2020 жылмен салыстырғанда 3,5 еседен астамға ұлғайта отырып, мемлекеттік тапсырыс берушілермен жұмысын жалғастырды.
В2R блогы қызметінің қорытындысы бойынша 2021 жылғы табыс 10,6 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы кіріске өсім 152%-ды құрады. Қоғамның таза пайдасына В2R салымы 5,5 млрд теңгені құрады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша В2R портфеліндегі IT жобалар үлесінің артқаны байқалады: егер 2020 жылы IT-жобалардан түскен кірістердің үлесі 24% құраса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 31%-ды құрады.